AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңес...

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

Саясат Бүгін 18:15 44
Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады
Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның индустриалдық әлеуетін дамытуға China Nonferrous Metal Mining тобының атсалысуын жоғары бағалады. Компания халықаралық тау-кен және металл өндірісінде мол тәжірибе жинақтаған.

Президент Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауыты салына бастағанын ерекше маңызды оқиға деп атады. Бұл жоба Абай облысының экономикасын және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін өркендетуге тың серпін береді. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қытай Қазақстанның сауда-инвестиция салаларындағы негізгі стратегиялық және экономикалық серіктестерінің бірі саналады, ал бүгін басталған зауыт құрылысы екі елдің ынтымақтастығы қарқынды ілгерілеп келе жатқанын көрсетеді.

СNMC басшысы Вэнь Ган ауқымды жобаны жүзеге асыруға сенім артқаны, сондай-ақ салтанатты рәсімге қатысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Вэнь Ган Қазақстан Президентіне СNMC құрылыс жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізетінін және озық технологияларды қолдана отырып, бекітілген мерзімде аяқтайтынын, сондай-ақ өнеркәсіп пен экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтайтынын жеткізді. Оның айтуынша, жобаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жергілікті маман даярлау және тәжірибе алмасу салаларында ынтымақтастықты кеңейтеді.

Кездесу соңында аталған зауыт Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның тағы бір табысты үлгісіне айналып, металлургия мен терең өңдеу бағытындағы бірлескен жұмысқа жол ашатыны атап өтілді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Қазақстан #индустрия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді

Бүгін 19:10

Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды

Бүгін 18:07

Мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Бүгін 18:00

Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты

Бүгін 18:00

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);