AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas S...

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Алматы құшағында 04.03.2026, 22:45 234
Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?
Самат Құсайынов

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешені алаңында «Жасанды интеллект жылы» аясында өткен «Jas Stars» ауқымды жастар концерті 5000-нан астам көрерменнің басын қосты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кеш тек музыкалық шоу емес, сонымен қатар, алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды қолдауға бағытталған белсенді азаматтық алаңға айналды.

Іс-шараға қала жастары, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенділер мен еріктілер қатысты. Сахна төрінде сөз сөйлеген спикерлер жаңа Конституция жобасының маңызына тоқталып, референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына қосқан үлесі екенін атап өтті. Олар жастарды ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауға шақырды.

Кештің басты ерекшелігі – заманауи технология мен өнердің үйлесімі. Ортаға шығып, жастармен көңіл көтерген робо-DJ Темірбек пен алматылық барыс Әділет кештің жұлдыздарына айналды. Темірге жан біткендей әсер қалдырып, көрермендерді жаңа дәуірдің ырғағымен тербетті.

Кештің көркін қыздырған қазақстандық эстраданың жарық жұлдыздары да сахнаны гүлдендіре түсті. Жастар үшін Muzart Life, Dieta kz, Луина, Мирас Жүгінісов, Dj Ахметов + Dj робот, Арқайым, Алатау серілері, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Alpha, Moonlight өнер көрсетіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық әрі креатив форматтағы шаралар жастардың саяси сауаттылығын арттырып, қоғамдық үдерістерге белсенді араласуына серпін береді. Концерт аяғында жүргізушілер алматылықтарды 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысып, ел болашағы үшін саналы таңдау жасауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика