AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Темір адам» сарбаздармен жүздесті

«Темір адам» сарбаздармен жүздесті

Әлеумет 21.10.2024, 18:00 1,464 Bakyt
«Темір адам» сарбаздармен жүздесті
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері қазақ еліне танымал спортшы, рекордсмен Темір Спатаевпен жүздесті. Күш экстримі бойынша бірнеше дүркін рекорд иесімен кездесуді қолбасшылықтың Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасы өкілдері ұйымдастырды. 

Ұлттық ұланның 3660 әскери бөлімінде өткен іс-шараға 250-ден аса сарбаз қатысты. Темір Спатаевтың спортта жүргеніне 30 жылға жуықтаған. Ол кездесу барысында биік белестерді тек ерен еңбектің арқасында бағындырғанын айтты. Сарбаздардың денені шынықтыру және моральдық дайындығының маңыздылығын талқылап, мықты тұлға болып қалыптасудағы патриотизмнің рөлін атап өтті. Сондай-ақ армандарға жетудің жолдарымен бөлісіп, құқықтық тәртіп әскері жауынгерлерін салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. 

Темір Спатаевтың күш экстримі бойынша кәсіби түрде айналысып, рекорд орнатып жүргеніне жеті жылдай болған.

– Спортты жаным сүйеді. Мақсатым – осы спорт түрін елге, әлемге танытып, жастар арасында насихаттау. Өскелең ұрпақты шыңдап, білімді етіп, патриоттық сезімін оятқым келеді. Сондықтан оқушылармен және қазақ әскеріндегі сарбаздармен осылай жиі кездесіп жүрмін. Әрине, айналысып жүрген ісімді өзім ғана білсем деген ой жоқ. Қазақтың әр баласы мықты болсын. Біз батыр бабаларымыздың ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз керек, – дейді күш экстримі бойынша рекордсмен Темір Спатаев.

Кездесу кезінде қара күш иесі әскери қызметшілер арасында белтемірге тартылу, гір тасын көтеру, салмағы 25 келі болатын болат қылышты бір қолымен тіке ұстап тұру секілді жарыстар ұйымдастырды. Жақсы нәтиже көрсеткен ұландықтарға алыптар сайысы бренді бейнеленген футболкалар тарту етті.

Әскери қызметтегі нәзік жанды арулар арасында да болат қылышты бір минуттан аса көтерген лейтенант Әлия Әбдіғалиеваға темір шегені иіп жүрек пішінін жасап, сыйлады. 

Айта кетейік, Темір Спатаев халық арасында «темір адам» деген лақап атпен танымал. Ол армрестлингтен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионы, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері. Мас-рестлингтен әлем чемпионатының жүлдегері. Сонымен қатар, ол «Толағай» ұлттық спорт федерациясының негізін қалаушы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Темір Спатаев #сарбаздар #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);