Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Telegram-да оқушыларды арбайтын контент анықталды...

Telegram-да оқушыларды арбайтын контент анықталды

Әлеумет 27.03.2025, 16:50 464
Telegram-да оқушыларды арбайтын контент анықталды
Сурет: PA / TASS

Түркістан облысының прокуратурасы «Telegram» әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арнаны тапты.

Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Аталған факті бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.

Осылайша, тексеру барысында «Telegram» желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды.

— Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген. Желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары. Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды. 14 наурыз күні облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен аталған топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталды. Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған, — делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша ҚК 311-бабы және 312-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен «Telegram» желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.

Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алатын болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Telegram #балаларды арбау #контент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31

Алматыда жігітті бір топ адам соққыға жыққан

Бүгін 08:57

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Кеше 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика