конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктер...

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді

Құрылтай Бүгін 10:01 62
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді
Pexels.com

Шынайылығы расталмаған мәліметтерді таратпаңыз, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

JAQ.OrtCom Құрылтай сайлауы қарсаңында ақпараттық кеңістікте шынайы емес мәліметтер, фейктер мен арандатушылық материалдардың жаппай таралуы тіркеліп отырғанын хабарлайды.

Ақпараттық ықпал ету технологияларының жүйелі түрде қолданылып жатқаны байқалады. Алғашқы кезеңде арандатушылық сипаттағы ақпараттық себеп қалыптастырылады, кейін ол анонимді алаңдарда жарияланып, одан соң бот-желілер арқылы бір мезетте жаппай таратылады. Бұл жаппай таралу әсерін жасанды түрде қалыптастырып, кең қоғамдық резонанс бар деген жалған түсінік туғызуға мүмкіндік береді.

Жарияланымдардың бірдей тезистермен және ұқсас визуалдық безендірумен синхронды түрде шығуы олардың орталықтандырылған әрі ұйымдасқан сипатта екенін көрсетеді. Кейіннен бұл хабарламалар түрлі платформаларда жаппай таратылады.

Таралудың негізгі арналары – анонимді Telegram-арналар, әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар және өзара байланысты бот-аккаунттардан құралған «желілер». Жекелеген жағдайларда шетелден үйлестірілген жұмыстың айқын белгілері байқалады.

Мұндай науқандарды ұйымдастырушылар мен орындаушылардың назарында қоғам үшін аса маңызды тақырыптар – сайлау процесі, сыртқы саясат және әлеуметтік-экономикалық мәселелер тұр.

Мұндай контенттің едәуір бөлігі жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалады. Жалған, бірақ шынайы көрінетін аудио-, фото- және бейнематериалдар – дипфейктер әзірленіп, кейін кеңінен таратылады.

Мұндай әрекеттердің мақсаты – мемлекеттік институттар мен лауазымды тұлғалардың беделін түсіру, билік институттарына деген сенімді әлсірету және қоғамда жасанды түрде әлеуметтік шиеленіс қалыптастыру.

Еске салайық, бұған дейін JAQ.OrtCom Құрылтай сайлауы жақындаған сайын ақпараттық-манипуляциялық науқандардың күшеюі мүмкін екенін ескерткен болатын. Сайлау кезеңінде мұндай шабуылдар азаматтардың сайлау процесіне деген сенімін төмендетуге бағытталады. Олардың мақсаты – қоғамда алаңдаушылық туғызып, сындарлы диалогты өзара айыптаулар мен ашық текетірес арнасына бұру.

Жалпы, сайлау науқаны кезеңінде әлеуметтік платформаларда, сайттарда және өзге де ресурстарда екі жүзден астам анонимді және деструктивті аккаунт арқылы таратылған шамамен он бес сериялы ақпараттық материал тіркелді. Олардың қатарында жасанды интеллект технологияларын пайдалану, манипуляциялық ақпарат тарату, құжаттарды қолдан жасау, қазақстандық және шетелдік танымал тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларының бейнесін пайдалана отырып жасалған дипфейктер болды.

Оларды бейтараптандыру мақсатында 44 материал шықты. Атап айтқанда,  бейнероликтер, нұсқаулықтар, ақпараттық-ағартушылық постерлер, сондай-ақ сайлау науқаны төңірегінде кең таралған және қайталанатын мифтерді жоққа шығаруға, халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған жарияланымдар дайындалып, жарияланды.

JAQ.OrtCom азаматтарды анонимді дереккөздерден таралатын ақпаратқа, әсіресе эмоциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдарға сыни тұрғыдан қарауға шақырады. Бір хабарламаның ондаған арна мен аккаунтта бір мезгілде пайда болуы оның шынайылығының дәлелі болып табылмайды.

Бастапқы дереккөзді тексеріңіз, ақпаратты ресми деректермен және кәсіби бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарымен салыстырыңыз. Шынайылығы расталмаған мәліметтерді таратпаңыз.

Анонимді ресурстарға, бот-желілерге және сыртқы манипуляция мен жалған ақпарат орталықтарына сізді деструктивті ақпараттық күн тәртібін тарату үшін пайдалануға жол бермеңіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалған ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны өткен жылдан екі есе жылдам жүріп жатыр

Бүгін 10:30

Курчатовта Семей полигонының 1950 жылдардағы есептері көрсетіледі

Бүгін 10:23

Үкіметте инфляция динамикасы және бағаның өсуіне жол бермеу шаралары талқыланды

Бүгін 09:34

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін 09:03

Өткен тәулікте Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 061 дерегі анықталды

Бүгін 08:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);