Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер

Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер

Мәдениет 27.03.2025, 11:34 670
Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер
Сурет: ЖИ

27 наурыз - әлемде дүниежүзілік театр күні

Өмірдің өзі сахнада жанды сурет болып өрілетін театр - өнердің биік шыңы.

Бұл туралы aqshamnews.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.  

 

Қазақ даласындағы кәсіби ұлт театрының есігі сол кезеңде ел астанасы болып тұрған Қызылордада 1926 жылы ашылды.  Театр ұжымы көрерменмен алғаш рет Қошке Кемеңгердің «Алтын сақа» қойылымы арқылы қауышты. 

1928 жылы астана Алматыға ауысуымен театрда Алатау баурайына қоныс аударып, 1937 жылдан бастап академиялық театр атағын алды, ал 1961 жылдан бастап М.Әуезовтің есемін иеленді.  

Міне, содан бергі жүз жылға жуық уақытта қазақ даласында театр түлеп, театр мәдениеті өркен жайды. Бүгінде мемлекеттік театрлармен қатар тәуелсіз театрлардың туып, жаңа ізденіс, жаңа шешім, тың қойылымдарымен өнерсүйер қауымды қуантып жатқаны байқалады. Кейінгі жылдардағы көптің көңілінің театр толғамдарын ерекше талғаммен ұғып, іздеп тұратындардың қатарының қалыңдап жатқанын Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанда театр өнеріне қызығушылық артып келеді. Зал көрерменге толы, қойылымдардың премьерасына билеттер екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы көңілге ерекше қуаныш ұялатады», деп атап өткен болатын. 

Жалпы тарлан өнер туралы көкірек көзі ояу дарын иелері дара ой орамдарын дестелеген. Солардың бір парасын назарыңызға ұсынбақпыз: 

Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. М.Әуезов

Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Ғ.Мүсірепов

Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын. Ш.Айманов

Театр - күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер. С. Әшімбаев

Театр - менің қасиетті қағбам. Т.Жаманқұлов 

Мәдениет майданындағы сүбелі ісіміздің бірі — театр. Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Өнер орны, еңбекшілер үстемдігінің мәдениет майданындағы қармаулы орынның бірі.

І. Жансүгіров

Театр дайын драматургияны қойып беру емес, ондағы оқиғалардың неге олай болғаны жайында ойлану. Т. Судзуки

Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғарғы интенция. А. Герцен

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #халықаралық күн #афоризмдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика