Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Т.Дүйсенова Қазақстанның зейнеткерлерін Қарттар кү...

Т.Дүйсенова Қазақстанның зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтады

Әлеумет 01.10.2022, 07:35 1,687
Т.Дүйсенова Қазақстанның зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтады
Сурет: Atpress.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанның барлық зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтап, аға ұрпақ өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық тіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.



«Аса құрметті зейнеткерлер, сіздерді шын жүректен Қарттар күнімен құттықтаймын! Аға буын өкілдеріміз – еліміздің алтын қоры, халқымыздың даналығы мен дәстүрін сақтаушылар, жас ұрпаққа үлгі көрсететін, өз істеріне берік, ақылшы данагөйлеріміз.


Қарттарға қамқорлық жасау мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Жыл сайын базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері артып келеді. Осы мақсаттарға бюджеттен 3 трлн теңге бөлінуде. Биыл зейнетақы төлемдерін екі рет индекстеу жүргізілді.


Сонымен қатар, Мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында, Әлеуметтік кодекс жобасы аясында зейнетақы төлемдерін арттыру жолдары көзделген. Бұл шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% - ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан қарттарды қолдауға, оларға әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру мен қоғамдық өмірге тарту бойынша іс-шаралар әзірленуде. Елімізде 51 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, олар белсенді жұмыс істейді. Онда қарт адамдар қызығушылықтарына қарай түрлі дәрістер таба алады.


Құрметті ардагерлер мен зейнеткерлер, осы айтулы әрі тамаша мереке күні Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, амандық пен береке тілеймін! Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Әр күндеріңіз жақсылыққа, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың мейірімділігіне толы болсын», – деп Тамара Дүйсенованың ақжарма құттықтау сөздерінде айтылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарттар #құттықтау #Зейнеткерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика