Тазалық – елге адалдықтың белгісі

Тазалық – елге адалдықтың белгісі Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында ел аумағын жайлы және қауіпсіз мекенге айналдыру жолындағы ұлттық бастамалар туралы кеңінен сөз қозғады. Оның айтуынша, елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне тек экономикалық даму ғана емес, экологиялық және мәдени-этикалық тәрбие де тікелей әсер етеді. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде «Таза Қазақстан» атты ауқымды экологиялық акция ел бойынша кең қолдауға ие болып, нақты нәтижелер беріп отыр.

"Менің бастамаммен былтырдан бері «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Жалпыұлттық жобаға 6 миллионнан астам адам қатысты. 1,6 миллион тоннадан аса қоқыс жиналды. 3,3 миллион көшет отырғызылды", – деді Тоқаев.

Президент бұл жобаның маңызы – тек сенбілік өткізуде емес, ел азаматтарының экологиялық мәдениетін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту екеніне назар аудартты.

"Таза Қазақстан – бұл біздің бүгінгі және ертеңгі күніміздің кепілі. Сондықтан бұл жұмыс үздіксіз жалғаса береді", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде тазалық ұғымын тек экологиямен шектемей, оны адамгершілік, адалдық, жауапкершілік сияқты рухани категориялармен байланыстырды.

"Біз әр азаматтың, әсіресе жастардың бойына тазалық, ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек. Таза я тазалық, бұл – киелі сөздер. Ары таза адам ешқашан елін сатпайды", – деп нақты айтты Мемлекет басшысы.

Ол ел болашағы жастардың бойында осы құндылықтарды тәрбиелеу арқылы ұлттық бірегейлік пен жауапты азаматтық позицияны қалыптастыру қажет екенін баса айтты.

"Біз «Қазақстан – ортақ үйіміз» деп үнемі айтамыз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек", – деді Президент.

Бұл сөздер тек экологиялық тазалықты ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында мәдениеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттігін білдіреді. Әр азамат туған елінің көркеюі үшін жауапты екенін терең сезінуі тиіс.

«Таза Қазақстан» жобасы – ел тұрғындарының экологиялық, мәдени және азаматтық сана-сезімін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама. Бұл жоба арқылы Мемлекет басшысы елдің тазалығы мен тәртібін ұлттық идеологияның ажырамас бөлігіне айналдыруды көздеп отыр. Еліміздің әрбір азаматы үшін туған жерді таза ұстау – парыз ғана емес, ұлтқа деген шынайы махаббаттың көрінісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:47

14:36

13:15

13:12

13:02

12:56

12:47

12:45

12:43

12:41

12:39

12:36

12:33

12:31

12:28

12:25

12:23

12:21

12:19

12:16

12:09

12:08

12:06

12:01

11:57