AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Таза Қазақстан» экологиялық болашақ үшін миллионд...

«Таза Қазақстан» экологиялық болашақ үшін миллиондаған адамдарды біріктірді

Әлеумет 28.08.2025, 13:26 509 Bakyt
«Таза Қазақстан» экологиялық болашақ үшін миллиондаған адамдарды біріктірді
Алматы әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы кең көлемде қолға алынды.

Бастама аясында республика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық акция ұйымдастырылып, оған 10,4 миллионнан астам азамат қатысты. Оның ішінде 586 мыңнан астамы ерікті болды. Бұл – қазақстандықтардың табиғатқа жанашырлықпен қарап, ортақ іске жұмыла алатынын көрсететін айқын дәлел.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша:
«Жалпы 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың гектардан астам аумақ тазартылды».

«Таза Қазақстан» тек қоқыс жинау науқаны ғана емес, ол экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қоғамдық қозғалысқа айналды. Әрбір азаматтың өз үйінің ауласын, өз көшесін тазартуға қосқан үлесі тұтас елдің экологиялық болашағына әсер етеді.

Бұл бастама:

  • азаматтық жауапкершіліктің өсуіне,

  • экологиялық сана-сезімнің қалыптасуына,

  • қоғамда бірлік пен ортақ мүддені қорғау мәдениетінің нығаюына ықпал етті.

Нәтижесінде, Қазақстан тұрақты экологиялық даму бағытын нақтылап, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін нығайтып келеді. Президент Жолдауында айтылғандай, мемлекет пен қоғам күш біріктірсе, кез келген игі істің жемісті болатынын «Таза Қазақстан» бастамасы айқын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Экология #Ерлан Нысанбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Кеше 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Кеше 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Кеше 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Кеше 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Кеше 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);