Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Таза бейсенбі» – жастардың үлгісі

«Таза бейсенбі» – жастардың үлгісі

Әлеумет 19.09.2025, 14:31 543
«Таза бейсенбі» – жастардың үлгісі
Almaty-akshamy.kz

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті «Таза бейсенбі» сенбілігі өтті. Акцияға мамандандырылған сәбилер үйінің қызметкерлері, студенттер мен еріктілер, сондай-ақ «Amanat» партиясының жастар қанатының мүшелері атсалысты.

Олар бірге сәбилер үйінің ауласын тазалап, ойын алаңын абаттандырды, ағаштар мен гүлдер отырғызып, тәрбиеленушілерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек тазалықты насихаттап қана қоймай, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Волонтёр Диас Есенгельдиев атап өткендей:
– Бұл акция, ең алдымен, жастар үшін маңызды. Ол бізді біріктіріп қана қоймай, экологияға құрметпен қарауды, ұйымдарға қол ұшын беруді үйретеді. Бүгінгі таңда біз сәбилер үйіне көмек көрсетіп, балаларға қуаныш сыйладық, – деді ол.

Керек дерек

  • Акция 2023 жылы басталып, жыл сайын республика көлемінде тұрақты түрде өткізіліп келеді.

  • 2024 жылы ел бойынша 1 миллионнан астам қазақстандық сенбіліктерге қатысып, 120 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

  • Тек елордада ғана 15 мыңнан астам адам қатысқан сенбіліктер барысында саябақтар, аулалар мен қоғамдық орындар тазартылды.

  • «Таза бейсенбі» форматы – әр аптада мемлекеттік мекемелер, жастар ұйымдары және еріктілердің бірлескен жұмысы ретінде дәстүрге айналып келеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Экология #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика