AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Таза ауа» рейді: экологияға бейжай қараған жүргіз...

«Таза ауа» рейді: экологияға бейжай қараған жүргізушілер анықталды

Әлеумет 09.09.2025, 12:31 869
«Таза ауа» рейді: экологияға бейжай қараған жүргізушілер анықталды
gov.kz

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында республика көлемінде экология департаменттері мен полиция бөлімшелері бірлесіп, автокөліктерден бөлінетін зиянды заттардың деңгейін тексеру мақсатында «Таза ауа» рейдтері басталды.

Шымкент қаласында өткен рейд барысында Темірлан тас жолында арнайы газ анализаторларының көмегімен бензин, газ және дизель қозғалтқыштары бар көліктердің шығарындылары тексерілді. Нәтижесінде көміртегі тотығы, көмірсутектер және түтін деңгейі анықталды.

Барлығы 22 автокөлік тексеріліп, оның 8-інде (4 дизельді және 4 газ-бензинді) ауаға тарайтын газдардың нормадан артық екені белгілі болды. Тәртіп бұзған жүргізушілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Мамандардың айтуынша, мұндай рейдтер қыркүйек пен қазан айларында еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасады. Экологиялық қызмет өкілдері тұрғындарға көліктерге уақытылы техникалық қызмет көрсетудің маңызын ескертті. Өйткені дұрыс күтім жасалған көлік зиянды шығарындыларды азайтып, ауаның сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #таза ауа #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47

Наурызбай ауданында ұзындығы 151,4 шақырымды құрайтын инженерлік желі салынуда

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);