Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Таза әрі қауіпсіз: Алматыда 290 заңсыз сауда нысан...

Таза әрі қауіпсіз: Алматыда 290 заңсыз сауда нысаны сүрілді

Әлеумет 03.03.2025, 17:24 661
Таза әрі қауіпсіз: Алматыда 290 заңсыз сауда нысаны сүрілді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда мониторинг барысында 500-ге жуық заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандары анықталды.

2025 жылы 4 ақпаннан бастап Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Жұмыс тобының қатысушыларымен бірлесіп көше саудасы нысандарын жоюға кірісті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан 290 СЕСН бұзылды. Қалған 210 СЕСН-ді бұзу жұмыстары биыл 15 наурызға дейін аяқталады. Коммуналдық қызметтер бұл нысандарға заңсыз қосылған инженерлік желілерді ажыратуды жалғастырып отыр.

Сондай-ақ, осы жұмыс аясында 222 ойын-сауық аппараты (силомерлер) жойылды. Бұған қоса, қалада жер учаскелеріне мықтап бекітілген 32 күрделі құрылыс анықталды. Жұмыс тобы оларды мәжбүрлі түрде бұзуды ұйымдастыру мақсатында сотқа талап-арыз жіберуге бастамашылық жасады.

Алматылықтар бұл жұмысқа оң баға беріп отыр. Әуезов ауданының тұрғыны Айгүл Күлжаханова осы мәселенің ауданда төрт жылдан бері өзекті екенін айтады.

«Алғашында біздің Фуркат көшесінде екі дүңгіршек пайда болды, кейін тағы екеуі орнатылды. Біріншіден, олар жақында салынған воркаут-аймақты, скейт және балалар алаңын жауып тастады. Екіншіден, санитарлық жағдай өте нашар – ыдысты дүңгіршектің артында қарапайым легенде жуатын, ал күндіз олардың жанында орамалар, пакеттер мен тамақ қалдықтары шашылып жататын. Сонымен қатар, жергілікті колледж студенттері мен мектеп оқушылары осы маңда көп жиналатын, бұл мектеп аумағына еркін кіруге кедергі келтіретін. Әрі дүңгіршектер гүлзардың орнына қойылып, ол толықтай жабылып қалды. Мен екі рет e-Otinish арқылы билікке хат жазып, тәртіп орнатуды сұрадым. Біздің үнімізге құлақ асқанына өте қуаныштымын. Жақында барлық төрт дүңгіршек алынып тасталды, аумақ тазартылды, балалар алаңына кіреберіс ашылды. Енді көктемде гүлзарымыз қайтадан гүлдейді деп үміттенемін».

Медеу ауданының тұрғыны Татьяна Касаткина да дүңгіршектер  сүрілгеннен кейін кеңістік ашылып, тазалық орнады дейді.

«Ақыры Достық даңғылы бойындағы, соның ішінде «Достық плаза» сауда орталығы мен «Орбита» шағын ауданындағы дүңгіршектерді алып тастағанына қуаныштымыз. Бұрын фастфуд сатып алушылардың шашып кеткен қоқыстары үйіліп жататын, арықтарда егеуқұйрықтар жүгіріп жүретін. Бізге әлі де тамақтану мәдениеті мен тазалыққа үйрену керек сияқты. Адамдар тамақтанып болған соң қоқысты жерге лақтыра салады. Дүңгіршектердің маңындағы қоқыс жәшіктері үнемі толып тұратын. Оның үстіне, көшеде асығыс желінетін фастфудтың қаншалықты пайдалы екені де күмәнді. Дүңгіршек қызметкерлерінің тазалығы мен тамақ дайындаудағы санитарлық талаптарға да күмәнім бар. Сонымен қатар, Медеу ауданына туристер жиі келеді, сондықтан қаланың жалпы көрінісіне көңіл бөлу маңызды. Көктемде қаламыз одан әрі тазарып, құлпыра түссе екен деймін» – деді Т.Касаткина.

Еске сала кетейік, заңсыз СЕСН-дерді анықтау және оларды сүру жұмыстары Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен аудан әкімдіктері көшедегі сауданы жою жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерімен бірлесе отырып күнделікті жүргізіліп жатыр.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #заңсыз сауда орындары #сүру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Кеше 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Кеше 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Кеше 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Кеше 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Кеше 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика