AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ МЕН ҮШІН МАҢЫЗЫ…»

«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ МЕН ҮШІН МАҢЫЗЫ…»

Әлеумет 03.08.2021, 11:51 2,876 А.ҒАЛЫМҒАЗЫҚЫЗЫ
«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ МЕН ҮШІН МАҢЫЗЫ…»
almaty-akshamy.kz

Айгерім СЕРІКҚЫЗЫ, қазақ тілі пәні мұғалімі:


– Барлық игіліктердің ең ұлысы – тәуелсіздік, – деп Годвин айтқандай, біз тәуелсіздігімізді құрметтеп, онымен мақтануымыз керек. Қазіргі таңда қаншама халықтар бар өз елін, жерін, тілін, дінін қайтаруды армандайтын. Тәуелсіздік үшін жанын беруден тайынбайтын. Сондықтан да осы еркіндігімізге шүкіршілік айтып, білім жолында, ғылым саласында жастығымызды, біліктілігімізді пайдалана отырып, елімізді дамыған мемлекеттер қатарына қосуымыз қажет.


Бүгінде қазақ тілі мемлекеттік тілге айналды. Ғасырлар бойы шет жерде жүрген миллиондаған отандастарымыз, қандастарымыз өз атамекеніне оралды. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілінің, дінінің дамуына толық мүмкіндік жасалды.


Тіліміздің әрмен қарай дамып, өркендеуіне өз септігімізді тигізу мақсатында ата-анамның жолын жалғап, ұстаздық қызметті таңдадым. Қазіргі таңда мектепке даярлық сыныбындағы балаларға қосымша сабақ беремін. Мен өз тілімді, елімді, еркіндігімді мақтан етемін. Тәулсіздігіміз мәңгілік жасай берсін!


 Райымбек ЛҰҚПАНҰЛЫ, спорт жаттықтырушысы:


– Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев спорт саласына айрықша көңіл бөлуде. Соңғы жылдары көптеген спорт нысандары салынды. Спортқа жаны құштар жастарға жетістіктерге жетуге мол мүмкіндік бар. Осы күнге дейін олимпиадада қазақ баласы еркін күрестен жеңіске жеткен жоқ. Менің ең биік мақсаттарымның бірі – көк байрағымызды желбіретер олимпиада чемпионын дайындап шығарсам деймін. Өзім бала кезімнен күреспен айналысамын. Әкем де 20 жыл дәл осы спорт саласында еңбек еткен жан. Сол алғаш додаларға қатысып жүрген кездері әлі есімде, жерге төсейтін дұрыс кілем де болмапты. Ал бүгінде жасөспірімдерге барлық мүмкіндік жан-жақты қарастырылған. Тек соны ұтымды пайдалану керек.


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінің табалдырығында тұрып, осындай бірлігі мықты елде туғаныма шексіз бақыттымын. Егемен еліміздің ертеңіне қызмет етуді мақтаныш тұтамын. Туған жердің өркендеуіне үлес қосуды перзенттік парызым деп санаймын.


Бұлан АХМЕТҚАЛИ, студент:


– Тәуелсіздік алған аз уақыттың ішінде елімізде 1993 және 1995 жылдары екі бірдей Консти­туция қабыл­данды. Еліміз Президенттік басқару жүйесіне өтті.


Биліктің барлық салалары Конституцияға сай қызмет атқаруда. Мемлекетіміздің құқықтық қатынастарын реттейтін көптеген заңдар, кодекстер, заңнамалар қабылданып, мемлекеттік құрылыстың өркен­ деуіне сүбелі үлес қосылып жатыр. Бүгінде әрбір қазақстандықтың құқығы қорғалған. Демократиялық ел болғандықтан, жасымыз да, егде жастағы қарттарымыз да өз пікірлерін жеткізе алады. Өзімде құқық саласында білім алып, кішігірім қызметтер атқарғандықтан, тәуел­сіздіктің арқасында әрбір адам өз ойын жеткізе алатындығына көзім жетті. Мен тәуелсіз елде өмір сүріп жатқаныма қуанамын.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тәуелсіздік #30 жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 12:41

Тәуелсіздік сарайында Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін 12:11

Ұлытауда этномәдени фестиваль өтеді

Бүгін 11:47

LOT Polish Airlines Алматы туралы арнайы борттық журнал шығарды

Бүгін 11:37

Әр екінші талап арыз талапкердің пайдасына шешілді: Алматыда әкімшілік әділеттің бес жылдық қорытындысын жариялады

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);