AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәуелсіздік ұрпақтары Алматы қаһармандарымен кезде...

Тәуелсіздік ұрпақтары Алматы қаһармандарымен кездесулер өткізуде

Әлеумет 18.11.2024, 12:05 1,055
Тәуелсіздік ұрпақтары Алматы қаһармандарымен кездесулер өткізуде
almaty-akshamy.kz

Алматыда Желтоқсан оқиғасының қатысушылары студенттермен кездесулер өткізуде. Бұл жүздесу кештерінің мақсаты – жастардың патриоттық сезімдерін нығайту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Кездесулерге мегаполистегі 20-ға жуық желтоқсан ұйымының өкілдері қатысуда. 

Олардың қатарында «Желтоқсан ақиқаты», «Патриот-1986», «Ғасыр тарихы. 1986 ж. Желтоқсан», «Желтоқсан жұлдыздары», «Желтоқсан зейнеткерлері», Желтоқсан 1986. Тәуелсіздік», «Өршіл рух» секілді ұйымдардағы желтоқсан  оқиғасының қатысушылары бар.

Бұған дейінгі кездесулер Алматы мемлекеттік автомобиль құрылысы колледжі, Алматы мемлекеттік туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі, Көлік және коммуникация колледжі, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі және Инновациялық колледждер студенттері мен оқытушылары арасында өтті. Желтоқсан оқиғасының қаһармандары жастармен кездесулерде еліміздің тәуелсіздігінің бастауы болған тарихи оқиға туралы естеліктерімен бөлісті. 

«Біз жасаған кесте бойынша қаладағы әр ұйымның өкілдерінен құралған 7-8 желтоқсаншы оқу орындарына барып, жастармен кездеседі. Олар жастарға Тәуелсіздік бастауы болған Желтоқсан оқиғасынан сыр шертеді. Желтоқсаншы аға-апаларының рухқа толы әңгімелерінен жастар өздеріне от алып, елжандылық сезімдері еселенуде», – дейді кездесулерді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Патриоттық рух – басты құндылық» жобасы аясында ұйымдастырушы халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының басшысы Жаңыл Әпетова.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар Желтоқсан қаһармандарына сұрақтар қойып, ашық диалог жүргізді.
Сонымен қатар, жастар желтоқсандық аға-апаларына патриоттық рухтағы концерттік бағдарламалар мен арнайы қойылымдар ұйымдастырып қарсы алуда.

Расында, жастарға серпін берер мүндай кездесулер қажет-ақ. Қазақстанның ең басты құндылығы саналатын Тәуелсіздікке жол ашқан рухы асқақ, тамыры терең Желтоқсан тарихымыздың бөлінбес бөлшегі десек, оның маңызын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу бәрімізге бәрімізге парыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#желтоқсан #кездесу #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38

Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті

Бүгін 15:57

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Бүгін 15:27

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика