AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда жаңа саябақты...

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда жаңа саябақтың құрылысы басталды

Әлеумет 15.12.2021, 05:54 1,425
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда жаңа саябақтың құрылысы басталды
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа желілік парктің салынуына қатысты. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



Бақытжан Сағынтаев іс-шараға қатысушыларды, жобаға қолдау көрсеткен меценаттарды, сондай-ақ барша қала тұрғындарын келе жатқан басты мерекемен құттықтады.



«Жайлы жағдай жасау, Алматы экологиясын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар біздің басты міндеттеріміз болып табылады. Жаңа саябақ Jasyl Almaty жобасы аясында құрылатын қаланың жасыл белдеуінің маңызды бөлігіне айналады», - деді Бақытжан Сағынтаев.




Жаңа парктің құрылуына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ірі құрылыс компаниялары қолдау көрсетті. Желілі парктің алаңы – 107,1 га. Ол Алатау ауданында, Б. Момышұлы көшесінің батысында орналасқан.



Бірінші кезеңде 3,2 га алаңда көгалдандыру аясында 600-ден кем емес жапырақты ағаш көшеттері, оның ішінде шегіршін, шаған және қара өрік отырғызылады.



Еске салсақ, Алматыда екінші жыл Jasyl Almaty бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның аясында үш жылда 1 млн ағаш отырғызу қарастырылған. Бүгінде қаланың барлық аудандарында 530 мыңнан астам ағаш отырғызылды. 
Биыл 350 мың ағашты отырғызу басталды, қазіргі кезде отырғызылғаны – 115 мыңға жуық ағаш.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тәуелсіздік #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);