AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы полицейлері арн...

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы полицейлері арнайы марапаттарға ие болды

Әлеумет 14.12.2021, 07:46 1,183
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы полицейлері арнайы марапаттарға ие болды
almaty-akshamy.kz

Бүгінде Алматы полициясы гарнизонында алты мыңнан астам адам бар. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне орай қызметінде жоғары көрсеткіштерге жеткен әрі өз ісінің кәсіби мамандары болып саналатын полицейлер марапатталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіп сақшыларына медальдар, Құрмет грамоталарын салтанатты түрде тапсырды. 



«Барша қазақстандықтар үшін қасиетті күн – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында біз қоғам қайраткерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің, әрине, полицейлердің еңбегін атап өтеміз. Сіздер халықтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудасыздар, Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етесіздер. Ең бастысы, қала тұрғындары өздерінің қорғалғанын сезінуі керек. Ол үшін біз қажеттінің бәрін жасаймыз», - деді Бақытжан Сағынтаев әрі жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.




Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен, Алматы қаласы әкімінің өкімімен және ПД бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсібилігі, қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін 200-ден астам қызметкер марапатталды.



«Тәуелсіздік мерекесі – үлкен күш-жігердің арқасында осы ұзақ мерзімді құндылыққа қол жеткізген адамдардың көптеген ұрпақтарына құрмет. Біздің алдымызда тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл біздің конституциялық және кәсіби парызымыз және оны жоғары ұйымдастырушылық және сапалы деңгейде орындау – департамент органдары мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің құрметті міндеті», - деп атап өтті Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов. 



Өкінішке орай, осы жылдар ішінде қылмыспен күресте 78 алматылық полицей қаза тапты. Олар Отан алдындағы борышын ерлікпен  және адал орындады. Олардың батылдығы мен батырлығы құрметке лайық және еліміздің болашағы үшін қызмет ететін барлық полиция қызметкерлеріне үлгі болады. 



Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев келесі қызметкерлерді марапаттады: 
- полиция полковнигі Әбдірахманов Рустам Тұралыұлы – ПД басшысының орынбасары, 
- полиция полковнигі Саттаров Манап Ағзамұлы – жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы,
- полиция подполковнигі Алмағамбетов Ерлан Дәулетұлы – есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы,
- Әбілхайыр Ұланбек Бауыржанұлы – Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы,
- полиция полковнигі Аухадиев Думан Ғабидоллаұлы – Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы,
- полиция лейтенанты Асқаров Дастан Дауренұлы – Алатау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі,  
- полиция лейтенанты Орымбек Әбілхан Асылханұлы – Алатау аудандық полиция басқармасының тергеушісі,
- полиция лейтенанты Баудинов Тахир Азатұлы – Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы,
- полиция лейтенанты Баймырза Ислам Еркінұлы – Түрксіб аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы,
- полиция лейтенанты Төлеуқұл Олжас Саятұлы – Наурызбай аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы,
- полиция лейтенанты Тәуекелов Әлтайыр Бақытжанұлы – патрульдік полиция полкінің инспекторы,
- полиция лейтенанты Оразқұл Абылай Саятұлы – жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы,
- қатардағы полиция инспекторы Ахмадиев Тимур Азаматұлы – айдауыл қызметі батальонының инспекторы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тәуелсіздік #полиция #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);