Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Тәуелсіз Қазақстанның 5 - референдумі

Тәуелсіз Қазақстанның 5 - референдумі

Мұны білген жөн Бүгін 11:20 96
Тәуелсіз Қазақстанның 5 - референдумі
Қайрат Қоныспаев

Референдум деген не?

Қазақстанда тағы бір референдум өтеді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 ақпандағы Жарлығына сәйкес өткізілетін бұл референдумда «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауалға жалпыұлттық жауап беріледі. Қазақстан халқы осы референдум арқылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына дауыс беретін болады. Референдум 2026 жылғы 15 наурызда өткізіледі.

Референдум дегеніміз елімізде өткізілетін жалпыхалықтық дауыс беру процесі. Қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері референдумда шешіліп, анықталады. Әдетте референдум барысында екі сұрақ қамтылады. Яғни көтеріліп отырған мәселені қолдау немесе қолдамау, «иә» немесе «жоқ» деген форматта таңдау жасауға мүмкіндігі.

Референдумдар маңызды заңнамалық актіні, құжатты немесе Конституцияға өзгертулерді қабылдау үшін жиі өткізіледі. Кей жағдайда референдум қандай да бір әскери блокқа, саяси ұйымға кіру немесе АЭС салу сияқты маңызды сұрақтар бойынша да өткізіледі.

Елімізде «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң бар. Құжатқа сәйкес, республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституцияларының, конституциялық заңдарының және қоғамдық өмірінің өзге де маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру болып саналады.

Референдум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне тиесілі. Оны өткізуге 200 мың адамнан кем емес үкімет, парламент немесе қазақстандықтардың өзі де бастама көтере алады. Яғни маңызды деген мәселе бойынша референдум өткізу құқығына ие болады.

Референдум талаптары

Референдум бүкіл ел бойынша өткізіледі. Алайда оған қатысу ерікті түрде, азаматтың саяси белсенділігіне байланысты. Кейде референдумға келушілер саны көтерілген мәселе мәніне сәйкес не көп, не аз болуы да ықтимал. Референдумға қатысу құқығы бар қазақстандықтардың жасы 18-ден төмен болмауы тиіс. Яғни заң бойынша шешім қабылдай алатын, таңдау жасай алатын жастағы жандар қатыса алады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар және Қазақстан азаматы емес жандар референдумға қатыса алмайды.

Қазақстанның басқа азаматтарының референдумға қатысу құқықтарын кез келген тікелей немесе жанама шектеуге жол берілмейді және ол заңмен жазаланады. Референдумды ұйымдастыру және өткізу ашық және жария түрде жүзеге асырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақстандықтардың назарына референдум өткізу туралы шешім мен оған қойылған мәселелер жеткізіледі. Ол нақты түсіндіріліп, бұл шешім не үшін қабылданғаны ашық айтылады.

Референдум өткізуге өкілеттіктері Орталық референдум комиссиясы белгілеген тәртіппен куәландырылған қазақстандық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады. Өкілдер мен байқаушылардың референдум комиссияларының жұмысына араласуына жол берілмейді. Олардың басты мақсаты референдумның әділ өтуін қадағалау, заң бұзушылық болған жағдайда оны тоқтатуға тырысу, арнайы органдарға хабарлап, заңсыздық жайлы айту, ал дауыс санау процесіне қатысып, хаттаманы алу және оны халық назарына көрінетін арнайы орынға жайғастыруын қадағалау болып табылады.

Заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары референдумды дайындау мен өткізу барысы туралы ақпарат береді және референдум өтетін аумаққа кіруге кепілдік алады.

Референдум бойынша дауыс беру орындарында учаскелік комиссиялар жұмыс істейді. Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды дауыс беру күніне кемінде 10 күн бұрын хабарлайды. Белгіленген күні азаматтар өз сайлау учаскелеріне келіп, әрбір көтерілген сұрақтың мәтіні мен сайлаушының жауап нұсқаларын қамтитын бюллетень толтырып, өз таңдауын жасайды.

Егер референдумға бiрден бiрнеше мәселе қойылса, олардың әрқайсысына қолданылатын бюллетеньдер түсi бойынша ерекшеленуге тиiс. Ондай жайттар көп кездеспейді. Алайда кейде болуы да мүмкін. Көбіне мемлекеттер қоғамды толғандырған сұрақтарды жинақтап, бір референдум жасайтын сәттер бар. Міне, бұл осы мысалға жақсы келеді.

Сайлау бюллетеньдері қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жинақы тұратын халықтың көпшілігінің тілінде басылуы мүмкін. Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады. Конституция, конституциялық заңдар, заңдар мен референдумда қабылданған түзетулер референдум қорытындылары туралы ресми есеп жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Егер сайлаушылардың 50 пайызынан астамы оң дауыс берсе, референдумға қойылған мәселе қабылданды деп есептеледі.

Қазақстандағы референдум тарихы

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы референдум 1995 жылы 29 сәуірде өтті. Қазақстан Президентінің өкілеттігін ұзарту жөніндегі республикалық референдум жарияланған күні күшіне енген президенттің (Нұрсұлтан Назарбаев) жарлығы негізінде өтті.

Референдумда қойылған жалғыз сұрақ: «1991 жылғы 1 желтоқсанда сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?» Референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. Оны сайлаушылардың 95,46 пайызы қолдады. Жалпы дауыс берушілердің 91,21 пайызы қатысқан еді.

Келесі референдум конституциялық сұрақ бойынша өтті. Конституциялық референдум 1995 жылы 30 тамызда ұйымдастырылды. Референдумға «Сіз жобасы 1995 жылы 1 тамызда баспасөзде жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылды. Жаңа Конституцияны сайлаушылардың 90 пайызы қолдап, 90,6 пайызы дауыс берді. Сол сәттен бері 30 тамызда Қазақстан мемлекеттік мереке – Конституция күні атап өтіледі.

Келесі референдум да Конституцияға тікелей қатысты еді. Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылдың 5 маусымында өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны 2022 жылғы 29 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізу ұсынысын жасады, ал 2022 жылғы 5 мамырда референдум өткізу туралы жарлық шықты.

Республикалық референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды. Заңның жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын.

Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, түзетулердің мақсаты «жаңа мемлекеттік үлгіге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу. Жұмыс тобы конституцияның 33 бабына түзетулер дайындады. Президенттің сөзінше, конституцияны өзгерту арқылы «суперпрезиденттік басқару түрінен ықпалды парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға» көшу жоспары іске асатыны айтылды.

Ресми нәтижелер бойынша сайлау құқығы бар азаматтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құрады, оның ішінде 7 986 293 адам немесе 68,06 пайызы дауыс беруге қатысты. Бұл ретте азаматтардың 77,18 пайызы конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс берді. Одан бөлек 18,66%-ы, яғни 1 490 475 адам өзгерістерге қарсы болды.

2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, ол еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болды.Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487 адам болды. 7 млн 820 мың 204 адам немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 63,6 проценті дауыс беруге қатысты. Сөйтіп, 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум өтті.

Қазақстанды енді тағы бір референдум күтіп тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары талқыланды

Бүгін 12:18

Астанада көшеде пышақ ұстап жүгірген ер адам ұсталды

Бүгін 12:09

Қазақстанда ақшаны қалай тиімді жинауға болады: депозит, инвестиция және халал қаржы жолдары

Бүгін 12:00

Әлемдегі ең үлкен шөл Сахарада қар жауды

Бүгін 11:36

Алматы хайуанаттар бағына Жаңа Гвинеядан алып кесірткелер әкелінді

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика