Тауда жоғалған тиктокер табылды

Тауда жоғалған тиктокер табылды Сурет: Inform.kz

Жетісу облысының тауларында жоғалып кеткен тиктокер аман-сау табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«7 маусымда сағат 18:50-де Жетісу облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне 1986 жылы туған ер адамның 6 маусым сағат 15:00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрқан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам – Tik-Tok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін саяхатшы, Алматы қаласының тұрғыны.


«Іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, Қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілді.


Жедел жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12:00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бұрхан бұлақ сарқырамасынан 12 км қашықтықта тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.


Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - делінген ТЖМ мәліметінде.



Еске салайық, 36 жастағы Дамир Кушеев іздестіріліп жатқаны туралы бұған дейінхабарлаған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17