AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Тәтті сусындар қатерлі ісікке әкелуі мүмкін

Тәтті сусындар қатерлі ісікке әкелуі мүмкін

Керек кеңес 18.03.2025, 16:50 910 dulatbekova
Тәтті сусындар қатерлі ісікке әкелуі мүмкін
Сурет: Astanatv.kz

Тәтті сусындардың өлімге әкелетін қаупі анықталды.

Вашингтон университетінің ғалымдары 30 жыл бойы жүргізген зерттеу нәтижесінде тәтті газдалған сусындарды тұрақты тұтыну ауыз қуысы обырының даму қаупін едәуір арттыратынын анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Зерттеу барысында 162 602 әйелдің деректері талданған. Нәтижелері JAMA Otolaryngology — Head & Neck Surgery журналында жарияланды.

Күніне кем дегенде бір порция тәтті сусын ішетін әйелдердің ауыз қуысы обырына шалдығу қаупі айына бір реттен аз ішетіндерге қарағанда 5 есеге жуық жоғары екені анықталды. Әсіресе, темекі шекпейтін және алкогольді аз тұтынатын әйелдер арасында бұл көрсеткіш тіпті 5,46 есеге артқан.

Зерттеу нәтижесінде тәтті сусындардың ауыз қуысының әртүрлі бөліктеріне жағымсыз әсер ететіні белгілі болды. Газдалған сусындарды жиі тұтынатын адамдарда тіл ісігі 4,5 есеге, ал ауыз қуысының басқа бөліктерінде ісіктің пайда болу қаупі 5,24 есеге жоғары.

Ғалымдар бұрын ауыз қуысы обырының негізгі себептері ретінде темекі шегу мен алкогольді тұтыну қарастырылғанын, бірақ жаңа деректер тәтті сусындарды шамадан тыс тұтыну да онкологиялық аурулардың қаупін арттыратынын көрсеткенін айтады.

Енді зерттеушілер онкологиялық аурулардың дамуына түрлі диеталық әдеттердің әсерін нақтылау үшін ауқымды зерттеулер жүргізу қажеттігін алға тартып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тәтті сусындар #қауіп #қатерлі ісік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлт руханиятының құндылықтары сөз болды

Бүгін 19:46

Алматы қаласының Мәслихатына жаңа депутат сайланды

Бүгін 18:44

«Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес»

Бүгін 18:41

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады

Бүгін 18:38

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);