Тасбақа шапшаң бола ма?

Тасбақа шапшаң бола ма? Элеонора Якия

Оны Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада тұсауы кесілген «Шапшаң тасбақа» ертегілер жинағынан оқып білуге болады. Қазақ әдебиетінің кенжелеп келе жатқан тұсы - балалар әдебиеті десек, оның ішінде ертегі жанрының жазылуы да, оқылуы да сиреп кеткені рас. 

Тұсаукесерге жиналған көзі қарақты оқырман балалар әдебиетіне қосылған олжаға қуанып, қаламгерлер қауымы жаңа кітапты таныстырып, лентасын кесті. Кітаптың авторы журналист Айнұр Мұратова өз балаларына ертегі айтып беру кітап жазуға шабыт бергенін айта келе, баланың қолына кітап ұстату үшін ата-ана өзінен бастасын деді.

Кітап бұдан бұрынғы ертегі кітаптардан біршама жаңалығымен, заманауилығымен ерекшеленеді. Бір жағы қазақ тілінде, екінші жағы ағылшынша Twinbook форматында жазылған ертегінің ішіндегі QR код арқылы мультфильм нұсқасын да тамашалауға болады. Жинақтың бұл артықшылығын жиналған жұрт кітап оқуы қиын қазіргі баланы қызықтыратын тамаша тәсіл деп бағасын берді.

Ертегінің тұсауын Молдахмет Қаназ, Байбота Қошым-Ноғай, Ділдәр Мамырбаева, Қанат Қайым сынды бір топ қаламгер кесіп, автордың қаламына қуат тілеп, жүрекжарды сөздерін арнады.

«Америкалық Ламия есімді жазушы қыз, (әріптесім Назира Байырбектің жақын құрбысы) менің осы бүгін тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартқан  «Шапшаң тасбақа» деп аталатын ертегілер жинағымды ағылшын тіліне аударуға ықылас танытты. Сөйтті де, әр ертегімнің аудармасының бес нұсқасын жіберіп таңғалдырды ғой. Бір нұсқасы бір нұсқасынан асып түседі. Тіпті, өлеңдете аударғаны да бар. Сол қызымыздың арқасында ертегілерім Twinbook форматында жарық көрді. Одан ЖИ арқылы анимациялап, мәтіндерін Murat Almasbek пен Назираның Америка мектебінде оқитын қызына оқытып, бір ертегіні Ғалымжан Қараманұлының Англия мектебінде оқитын ұлына оқытып, видеонұсқасын жасадым. Балалар алдымен қазақша ертегіні оқып, видеосын көріп, кейін ағылшыншасын оқыса, тілді меңгеруге оңай болады. Ағылшын тілін тыңдап отырып, оқыса, қазіргі тіл мамандары айтып жүрген shadowing әдісімен тілді тез үйренуге мүмкіндік туады», деді ертегі авторы Айнұр Мұратова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:49

15:41

15:32

15:15

15:08

15:00

14:35

14:23

14:14

13:40

12:30

12:15

12:01

11:56

11:41

11:20

11:16

11:10

10:52

10:40

10:30

10:19

10:10

10:03

09:57