AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Tartyl fest»: жеңімпаздары кім?

«Tartyl fest»: жеңімпаздары кім?

Спорт 07.08.2022, 08:00 1,841
«Tartyl fest»: жеңімпаздары кім?

Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды


Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында «Tartyl fest» турникке тартылудан республикалық фестиваль мәресіне жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Іnform.kz-ке сілтеме жасап.


ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырған шарада Орал қаласында 375 қатысушы бақ сынады.


Қатысушылардың ең жасы - 5 жасар Айару Кукузова турникке 9 рет тартылды. Ал 65 жастағы Бектемір Омаров 23 рет тартылды. Бір атап өтер жайт, 37 жастағы Юрий Кичатов турникке 40 рет тартылып, БҚО бойынша ең үздік нәтиже көрсетті. Бірақ ол 44 рет тартылған ақтаулық Дамир Нәбиевтің рекордын жаңарта алмады.



Сонымен, жас ерекшеліктері мен салмақ дәрежелері бойынша мыналар жүлдеге ілікті: 18 жасқа дейінгілер (55 келіге дейін): 1.Тайыр Жаңабай 2. Әли Салауат 3. Нұрмұхаммед Қабышев 18 жасқа дейінгілер (55-70 кг): 1. Александр Бадик 2. Роман Краснов 3. Мадияр Мақашов 18 жасқа дейінгілер (70 кг жоғары): 1. Әликамал Аршынбеков 2. Артур Ахмедов 3. Мейірбек Мырзагелді.


18-30 жастағылар (65 келіге дейін): 1. Самат Сағынтаев 2. Мерей Төлеуғалиев 3. Данила Тыртышник. 18-30 жастағылар (65-80 кг): 1. Егор Горунов 2. Максим Ямщиков 3. Ілияс Асланбек. 18-30 жастағылар (80 кг жоғары): 1. Ильдар Ягьяев 2. Александр Михаилов 3. Игорь Фофонов. 30 жастан жоғарылар (80 келіге дейін): 1. Юрий Кичатов 2. Жасұлан Мұхамбетов 3. Павел Казанцев. 30 жастан жоғарылар (80-90 кг): 1. Ербол Жәңгірханов 2. Роман Мокшин 3. Нұрлан Әбдірахманов.


30 жастан жоғарылар (90 кг жоғары): 1. Еркебұлан Жүргінбеков 2. Жасұлан Насыров 3. Ерлан Дубашев. «Tartyl Fest» турникке тартылу фестивалінің Оралдағы жеңімпаздарына 200 мың теңге, екінші орынға – 100 мың теңге, үшінші орын иегерлеріне 50 мың теңгенің қаржылай сертификаты берілді.


Бірінші орын алғандар Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйекте өтетін Гранд-финалға қатысады. Гранд-финалда жеңімпазға – 3 млн теңге, екінші орынға – 2 млн теңге, үшінші орынға 1 млн теңгенің жүлдесі белгіленген.


Еске сала кетейік, «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын. Сондай-ақ Түркістанда, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Атырау қалаларында жалғасын тапты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеңімпаз #турник #жүлде
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қыс мезгілінде үйдегі жылуды қалай сақтауға болады?

Бүгін 14:39

Қарашада неше күн демалыс бар?

Бүгін 12:15

Алматы қаласының алдағы аптадағы ауа райы болжамы

Бүгін 10:10

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Кеше 18:46

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);