Қоғам дегеніміз — сан алуан адамдардың бір ортада өмір сүріп, өзара байланыс орнататын күрделі жүйесі. Сол жүйенің дұрыс жұмыс істеуі ең алдымен тәртіпке байланысты. Ғылыми тілде тәртіп деп адамдардың мінез-құлқын реттейтін нормалардың, талаптардың және қоғамдық ережелердің жиынтығын айтады. Бірақ бұл сөздің мағынасы бір ғана анықтамамен шектелмейді. Тәртіп — адамның ішкі ұстамдылығы, өзін бақылау қабілеті, жауапкершілік деңгейі, тіпті кей жағдайда моральдық ұстанымының көрінісі.
Тәртіп сақталған жерде ғана адамдар арасында түсіністік қалыптасады. Мысалы, бір мекемеде бірнеше адам жұмыс істейді делік. Әркім өз білгенінше әрекет етсе, ол жерде өнімділік те, тұрақтылық та болмайды. Сол сияқты қоғам да белгілі заңдар мен нормаларға сүйенеді. Егер көпшілік сол талаптарды орындаса, қоғамдық институттар дұрыс қызмет етеді, ал ережені елемеу — тұрақсыздықтың бастамасы.
Қазақ даналығында тәртіп туралы айтылған ойлар аз емес. «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген сөздің астарында терең әлеуметтік түсінік жатыр. Бұл — тәртіпке бағыну адамның еркін шектейді деген ұғым емес, керісінше, дұрыс жолға бағыттайтынын меңзейді. Жүсіп Баласағұн айтқан «бәріңе заң біреу-ақ» деген тіркес те құқықтың баршаға ортақ екенін, әділеттің негізі осы екенін еске салады.
Қазіргі заманда тәртіп мәселесі тек ұлттық деңгейде емес, халықаралық деңгейде де өзекті. Әлемдегі саяси тұрақсыздық, қақтығыстар, экономикалық теңсіздік — осының бәрі жаһандық тәртіптің әлсіреуін көрсетеді. Сондықтан әлемдік қауымдастық түрлі модельдер ұсынып, болашақ қоғамның қандай болуы керектігін талқылап келеді. Бұл зерттеулерде бір нәрсе айқын: кез келген мемлекет тұрақтылықты сақтағысы келсе, ең алдымен заңның үстемдігін қамтамасыз етуі керек.
Қазақстан да осы бағытта көптеген қадамдар жасауда. Соңғы жылдары құқықтық саясатты жаңарту, сот жүйесінің ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары белсенді жүргізіліп келеді. Бұл – тек қағаз жүзіндегі өзгерістер емес, қоғамның сенімін күшейтуге бағытталған нақты қадамдар. Заң үстемдігі бар жерде әділдік орнығады, ал тәртіп сақталған ортада даму болады.
Әскери құрылымдар, әсіресе Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы — тәртіптің нақты көрінісі. Мұнда қызмет ететін жастар күн сайын жауапкершілікке, тәртіпке, батылдыққа үйренеді. Олар елдің қауіпсіздігі үшін қызмет етеді және қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына үлес қосады. Патриотизм, елге адалдық, бұйрыққа бағыну сияқты қасиеттер осы ортада қалыптасады. Білім беру мекемелеріндегі тәртіптің рөлі бөлек. Студенттің сабаққа уақтылы келуі, академиялық талаптарды сақтау, мұғалімдермен және құрбы-құрдастармен дұрыс қатынас орнатуы — оның болашақ кәсібінің негізін қалайды.
Әл – Фараби: Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие берiлуi керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өмiрiне опат әкеледi деп,Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын,
ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат,әділдік үшін талап жолында болуы шарт.
Онда жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмаса керек
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар.
Қыздар университеті құрылғаннан бастап 80 жыл ішінде оқу ордасын 70 мыңнан астам түлек бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде ұстаздық және қоғамдық жұмыстарда, өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етуде. Қыздар университеті қазақ аруларының шамшырағына айналған, қазақ халқы сеніп тапсырған мыңдаған жандардың үкілі үміті.Сондықтанда студенттер жақсы оқумен қатар, әндер мен билердің үлкен сахналарда әуелетіп, спорттық жетістіктерімен әлемді таңғалдыруда. Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы парасат мектебінен түлеп ұшады.
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Жиырма бірінші ғасырдың алғашқы жылдарын жаңартумен бастаған қыздар университеті ұлттық педагогика мен төл мәдениетіміздің,ғылымның дамуына,әрі Қазақстан Республикасы Президенті талап етіп отырған: «бәсекеге қаблетті мемлекет, бәсекеге қаблетті экономика, бәсекеге қаблетті ұлт» қалыптастыруға сүбелі үлес қоса алатын педагогтар даярлауда.
Бүгінгі таңда жаратылыстану институттың директоры Г.У.Байташева және профессор-оқытушылар құрамы білім беру мен тәрбие проблемаларын көтерген түрлі республикалық,халықаралық ғылыми-педагогикалық конференция,симпозиумдарға да белсене атсалысады.
Студенттердің далалық-оқу практикалары Қарасай ауданындағы агробиостанция,мен Қапшағай су қоймасы бойындағы демалыс аймағында Қарағанды облысы,Қарқаралы елді мекені,Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқу практика базасында өтіледі.Мұнда студенттер тұрмысы үшін барлық жағдайлар жасалынған.
Ендеше университеттегі тәртіп жай ғана формальды талап емес, тұлғаның кәсіби мәдениетін қалыптастыратын маңызы тәжірибеде. Кейде студент өзінің күнделікті әрекетін тәртіпке бағындырудың қаншалықты маңызды екенін байқамай да қалады. Ал шын мәнінде, бұл дағды, ертеңгі жұмыс орнында шешуші рөл атқарады.
Бүгінгі күрделі әлемде қоғамға ең қажет нәрсе — бірлік, өзара құрмет және сенім. Бұл құндылықтардың түбінде тәртіп жатыр. Егер әр азамат заңды сыйласа, қоғамдық ережелерді орындаса, онда қоғамда тұрақтылық орнайды. Сол себепті «тәртіп – елдің тұтқасы» деген ой бүгін өзекті. Ал жас ұрпақ осы құндылықты бойына сіңірсе, елдің болашағы да мықты болады.