конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Тарихи "алтын": алматылық Богдан Неумывакин ушу-са...

Тарихи "алтын": алматылық Богдан Неумывакин ушу-саньдадан әлем чемпионы атанды

Спорт 31.03.2026, 14:38 308 Сұлу
Тарихи "алтын": алматылық Богдан Неумывакин ушу-саньдадан әлем чемпионы атанды
Алматы әкімдігі

2026 жылы 23-30 наурыз аралығында Тяньцзинь қаласында (Қытай Халық Республикасы) жастар арасында ушу-саньдадан әлем чемпионаты өтті. Ірі халықаралық жарысқа 78 елден 1000-нан астам спортшы қатысып, турнирдің мәртебесі мен жоғары бәсеке деңгейін көрсетті., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерініі мәліметінше, бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ел тарихында алғаш рет жастар арасындағы ушу-саньдадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Үш бірдей қазақстандық спортшы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Олардың қатарында алматылық Богдан Неумывакин де бар.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Богдан турнир бойы жоғары деңгейдегі шеберлігін дәлелдеп, барлық қарсыласынан басым түсті.

Жоғары шеберлік деңгейін, тамаша техникалық-тактикалық дайындығын көрсетті. Әрбір жекпе-жекте ол қарсыластарынан басым түсіп, финалда да айқын жеңіске жетіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Жарыс қорытындысы бойынша Богдан Неумывакин жастар арасында ушу-саньдадан әлем чемпионы атанып, ұлттық құраманың жалпы жетістігіне зор үлес қосты.

Алматылық спортшының бұл жеңісі жүйелі дайындықтың, табанды еңбектің және бапкерлер құрамының кәсіби жұмысының айқын нәтижесі. Бұл жетістік Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтып, жас спортшыларға үлгі-өнеге болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыстың пилоттық схемасы іске қосылады

Бүгін 20:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:18

Таиланд медицина қызметкерлері алматылық әріптестерінің тәжірибесін зерттеді

Бүгін 20:14

Алматыда қуықасты безі обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:48

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясы өтті

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);