Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына мәдениет пен өнер саласының танымал өкілдері де қатысып жатыр.
Атап айтқанда, қазақстандық актриса әрі әнші Салтанат Бақаева №508 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 597-сі азаматтардың тіркелген мекенжайы бойынша, ал 73-і уақытша болатын орындарда орналасқан. Сайлаушылар тізіміне 1 миллион 355 мыңнан астам адам енгізілген.
Сайлау учаскесінің мекенжайын нақтылап, сайлау туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.