Әрбір азамат ел өміріндегі маңызды науқанға бейжай қарамай, таңдауын жасауы керек, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Еңбек ардагері, Алматы қалалық Кеңесі атқару комитетінің бұрынғы хатшысы Людмила Артамонова мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты. Ол №68 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Людмила Артамонова азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталып, отандастарына ізгі тілегін жеткізді. Оның айтуынша, әрбір азамат ел өміріндегі маңызды науқанға бей-жай қарамай, таңдауын жасауы керек.
«Отандастарымның азаматтық жауапкершілікті сезініп, барлығының сайлауға қатысқанын қалаймын. Елімізде бейбітшілік орнап, экономикамыз дамып, барша жұрт дені сау әрі бақытты болса екен. Әрбір отбасы мемлекеттің халықтың әл-ауқатына қаншалықты көңіл бөлетінін сезінсе деймін», – деді Людмила Артамонова.
Еске сала кетейік, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайын нақтылап, сайлауға қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.