Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Талғар ауданында оқушылар үш жылдан бері онлайн оқ...

Талғар ауданында оқушылар үш жылдан бері онлайн оқуға мәжбүр

Әлеумет 12.12.2022, 15:31 937
Талғар ауданында оқушылар үш жылдан бері онлайн оқуға мәжбүр
Сурет: Almaty.tv

Құрылысты 2019 жылы әкімдік қабылдап алған.


Мектеп бар, бірақ сабақ өтпейді. Талғар ауданына қарасты Дәулет ауылында оқушылар 3 жылдан бері онлайн оқуға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Құрылысты 2019 жылы әкімдік қабылдап алған. О баста тапсырыс беруші де - осы мемлекеттік мекеме. 1,6 млрд теңгеге келісім жасасқан бөлімнен мәселенің ақ-қарасын ажыратып сұраған едік, бас маман істің басы-қасында болмағанын айтты. Әкім де, орынбасарлары да орнында жоқ.


Даудың басы - Дәулеттегі мектептің сапасы. 2017 жылдың желтоқсанында басталған құрылыс араға 2 жыл салып қолданысқа беріледі. Алғашында карантинге, кейіннен 2 рет күрделі жөндеуге жабылып, оқушылар онлайн оқуға көшкен.



«Онлайн сабақты ата-аналардың бәрі қаламайды. Менің 2 ұлым бар, екеуі де онлайн оқиды. Онлайн сабақта баланың білімі өте төмен. Төмен емес, өте төмен», – деді Дәулет ауылының тұрғыны Салтанат Отарбаева.



«Немерем 1 сыныптан бастап онлайнда оқыды. Міне, қазір 3 сынып. Үш жыл болды жөндеу жұмысы жүріп жатқанына. Осы мектепке 1 млрд 600 мың ақша бөлді, ол қайда кетті?» – деді Дәулет ауылының тұрғыны Әсем Атагелдиева.



2020 жылы қаңтарда-ақ жер астындағы судың деңгейі көтеріліп, мектептің қабырғасы мен едені отыра бастаған. Құрылысшылар негізі себеп ғимарат шөгінді аумаққа тұрғандығын айтты. Еден кемі 60 смге шөккен, оны биіктету үшін әркім келіп үш қабат цемент төсепті. Ал арматура мүлдем салынбаған. Ғимараттың алғашқы қабатын қайта бұзған жұмысшылар жалақыға жете алмай жүр. «Бізге 1,5 млн қарыз. 15 адам бір апта болды жұмысты тоқтаттық. «Ақшаны әне береміз, міне береміз» деп соза береді», – деді жалдамалы жұмысшы Ғабит Амиров.



Жұмысшылар мен құрылыстың жайына тікелей жауапты мамандар жауап беруден жалтарды. Ал оқушылар дәстүрлі форматқа тек сараптама нәтижесі шыққан соң ауыса алады.


«Құбыр тартылып, толығымен аяқталады. Осы айдың соңын күтіп отырмыз. Сол аяқталғаннан кейін балаларды офлайн оқыту мәселесін қарастырамыз», – деді Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Айнакүл Үшкемпірова.  



«Осы жұмысқа салғырт қарағаны үшін Алматы облысы әкімдігі тарапынан сәулет және құрылысты бақылау басқармасының басшысына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.  Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс прокурорына жұмысқа тікелей тексеру жүргізуді сұраған болатын», – деді Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел.



Мәселе жуық арада шешілмесе, тұрғындар тым құрығанда ескі мектепке қайтаруды сұрайды. Бірақ оның да бүтіні бөлініп, жартысы жарылған. Ал жөндеуі жөнге келмеген мектеп әлі де апатты жағдайда деп танылмай тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #құрылыс #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика