AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Талдықорғанда прокурорлар алаяқтарға алданып қалға...

Талдықорғанда прокурорлар алаяқтарға алданып қалған адамның ақшасын қайтарып берді

Әлеумет 22.01.2026, 14:31 384 Дина
Талдықорғанда прокурорлар алаяқтарға алданып қалған адамның ақшасын қайтарып берді
Сурет: ЖИ

Жетісу облысында прокуратура интернет-алаяқтардың құрбаны болған азаматқа ұрланған қаражатын қайтарып берді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Талдықорған қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қаржылық активтерді қорғауға арналған цифрлық құралдарды пайдаланып, жәбірленушінің ақшасын толық көлемде өндіріп алған. Қайтарылған сома - 850 мың теңге.

Прокуратура мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқан іс барысында прокурорлар ҚР Ұлттық банкінің "Антифрод-орталығы" платформасында инцидент құруды бастамашылық еткен. Соның нәтижесінде ұрланған қаражат түскен банктік шоттар жедел анықталып, бұғатталған.

"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заң талаптарына сәйкес қабылданған шаралар арқылы күдіктілердің шоттарындағы 850 000 теңге алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Прокуратура киберқылмыспен күресте уақыттың аса маңызды екенін атап өтті: құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгіну және транзакциялар жөніндегі деректерді ұсыну қаражатты бұғаттап, қайтару мүмкіндігін едәуір арттырады.

Ведомство интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалауындағы басым бағыт болып қала беретінін қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #Талдықорған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Кеше 21:08

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Кеше 21:04

Прокуратура суық қаруға қатысты заң талаптарын еске салды

Кеше 15:26

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Кеше 15:06

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Кеше 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);