Талдықорғанда 270 ақбөкеннің мүйізі тәркіленді

Талдықорғанда 270 ақбөкеннің мүйізі тәркіленді Сурет: Ашық дереккөз

Ұстау кезінде күдіктілер көліктердің бірінде жасырынуға тырысқан.


Талдықорғанда ақбөкен мүйізін сатуға тырысқан төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Күдіктілер Ravon Nexia және Mazda көліктерімен жүрген. Ұстау кезінде үшеуі көліктердің бірінде жасырынуға тырысқан.


Ақбөкеннің 270 мүйізі тәркіленді. Ұсталғандар 1982-2000 жылдары туған Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары екендігі анықталды. Барлығы облыстық полиция департаментіне түсінік беру үшін жеткізілді.



«ҚР ҚК-нің 339-бабының 2-бөлімінде «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» көзделген тергеу амалдары басталды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:09

10:56

10:47

10:41

10:26

10:10

09:59

09:45

09:18

09:07

08:55

08:36

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59