AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Такси қызметін көрсететіндер де салық төлейтін бол...

Такси қызметін көрсететіндер де салық төлейтін болады

Әлеумет 05.12.2022, 06:13 933
Такси қызметін көрсететіндер де салық төлейтін болады
Сурет: Batys.info

Онлайн платформалар арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыс істейтін таксистер үшін арнайы салық режимі енгізіледі.


Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Онлайн платформалар арқылы (Яндекс Такси, Яндекс GO және т.б.) жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл ретте салық агенттері рөлінде онлайн платформалар операторларын айқындау ұсынылады. Олар осында жұмыс істейтін азаматтар атынан тиісті төлемдерді жүргізеді», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол Әлеуметтік кодекс жобасында әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыру және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға мәселесі ескерілгенін айтты.


«Бес әлеуметтік тәуекелден сақтандыруды көздейтін қолданыстағы сақтандыру жүйесі халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сай келетін жүйе ретінде сақталады. Дегенмен, оның мақсатты міндеті өзгеріске ұшырайды. Жүйе тек әлеуметтік төлемдер төлеуге ғана бағытталмай, ең алдымен, ол азаматтарды ресми түрде жұмыспен қамтылуға ынталандыруды көздейтін болады. Осы орайда Салық кодексіне шағын бизнестің жалдамалы жұмыскерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді енгізуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Олар үшін салық жүктемесі ендігі жылы 33 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейтін болады», - деді Т. Дүйсенова.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #салық #онлайн қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);