AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Такси жүргізушілері таксопарксіз жұмыс істейді

Такси жүргізушілері таксопарксіз жұмыс істейді

Әлеумет 23.06.2025, 11:54 789 yakiya
Такси жүргізушілері таксопарксіз жұмыс істейді
Сурет: istockphoto.com

Бұл заңға өзгеріс енгізгелі жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аталған бастама турасында депутаттарға берген жауабында үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр айтты.

Склярдың жауабына сәйкес, цифрлық нарықтарда адал бәсекелестікті Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бақылайды.

Бүгінде Yandex Go, Uber, Glovo, InDrive және басқа да сервистік платформалар цифрлық жұмыспен қамту мүмкіндігін ұсынып, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуде. 3 «Яндекс.Такси Корп» ЖШС (бұдан әрі – Компания) такси бойынша ақпараттық-диспетчерлік қызметтер нарығында тұрақты орынға ие. Компания комиссияны тариф түріне (эконом, комфорт, бизнес, қалааралық және т.б.) және елді мекендегі қызметке сұраныс деңгейіне байланысты ұстайды. Комиссияны төмендету және ашықтықты арттыру мақсатында агенттік пен компания арасында монополияға қарсы комплаенс келісімі жасалды. Комплаенс шартына сәйкес, егер тапсырыс құны базалық тарифтен 2 есе асып кетсе, компания осы артық сомадан комиссия ұстамайды, яғни ол жүргізушінің табысы болып қалады, – делінген жауапта.

Скляр сонымен қатар, жүргізушілердің таксопарктерсіз тікелей жұмыс істеу мүмкіндігін заңнамалық түрде қамтамасыз ету жөнінде түзетулер енгізу бастамасы көтерілгенін, бұл олардың комиссиялық шығындарын азайтуға мүмкіндік беретінін айтады.

"Қазір такси жолаушыларын тасымалдау нарығындағы бәсекелестік жай-күйі, сондай-ақ тапсырыстарды рәсімдеуде пайдаланылатын аппараттық-бағдарламалық кешендер мен мобильдік қосымшалар бойынша жоспарлы талдау жүргізілуде. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге сәйкес, такси қызметі, азаматтық авиация және теміржол жолаушылар тасымалы салаларындағы баға белгілеу мәселелері тікелей мемлекеттік реттеуге жатпайды және нарық қатысушылары арасында бәсекелестік негізінде қалыптасады", – дейді Скляр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #парк #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);