Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / «Тайталас тағдыр» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

«Тайталас тағдыр» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Кітап - көңіл кілті 28.11.2025, 08:57 351
«Тайталас тағдыр» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
Ұлттық кітапхана

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың «Тайталас тағдыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны Ұлттық инженерлік академиясы ұйымдастырып, оған ғылыми қауымдастық өкілдері, зиялы қауым, мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Тұсаукесерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан Оразалин жүргізіп, еңбектің мазмұндық тереңдігі мен қоғам үшін өзектілігін атап өтті. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп оқып берді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауын вице-министр Талғат Ешенқұлов жеткізді. Сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Ақылбек Күрішбаев ғылыми қауымдастық атынан жылы лебізін білдірді.

«Тайталас тағдыр» кітабында автор тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерінде орын алған маңызды шешімдер мен тарихи оқиғаларды өз көзқарасы мен өмірлік тәжірибесі арқылы баяндайды. Мемлекеттік басқарудағы қиын да жауапты кезеңдер, ел дамуына ықпал еткен реформалар, қоғамның өзгеру бағыттары кітаптың негізгі арқауына айналған. Сонымен қатар, автор әр жылдары бірге қызмет еткен көрнекті тұлғалар туралы естеліктерімен бөлісіп, олардың елдік мүдде жолындағы еңбегіне тоқталады. Еңбекте қазақ ғылымының, инженерлік ойдың, білім беру саласының болашағы мен ұлттық құндылықтарды дамыту мәселелері жан-жақты талданады.

Іс-шара барысында сөз алған қатысушылар бұл кітаптың жас ұрпаққа, мемлекеттік қызметкерлерге, зерттеушілерге және инженерлік-техникалық сала мамандарына үлкен рухани және зияткерлік азық болатынын атап өтті. Туынды ел тарихының маңызды кезеңдерін өз көзімен көрген әрі сол үдерістердің бел ортасында жүрген тұлғаның терең ой толғамдарын қамтитын құнды еңбек ретінде бағаланды. Кітапта ұсынылған талдаулар мен пайымдар қазіргі Қазақстанның даму барысын жаңа қырынан түсінуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы «Тайталас тағдыр» кітабының жарық көруін ұлттық ғылыми және инженерлік қауымдастық үшін маңызды оқиға деп есептейді. Бұл еңбек еліміздің зияткерлік мұрасының бір бөлігі ретінде ғылыми ортаның да, қоғамның да назарында болады деп сенім білдіреді. Академия тұсаукесерге қатысқан барлық қонақтарға алғыс білдіре отырып, кітаптың кең таралып, жас буынға бағыт-бағдар болатын құнды дүние ретінде қызмет ететініне сенім артады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі