AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Таяу Шығыстағы қақтығыс Қазақстан экономикасына қа...

Таяу Шығыстағы қақтығыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Саясат 24.06.2025, 12:09 1,640 Сұлу
Таяу Шығыстағы қақтығыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бірнеше күн бойы Таяу Шығыста қарулы шиеленіс күшейіп келеді. Бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? Саясаттанушы Пердехан Шәмшиев Аqshamnews.kz тілшісіне ықтимал нұсқаны атады. 

АҚШ Иранның ядролық нысандарына әуе соққысын жасап, жағдайды одан әрі ушықтырды. Бұл соққылар деэскалацияға бағытталған қадам ретінде қабылданды, себебі Тегеран стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазына шабуыл жасаған жоқ.

Ал кеше Иран Катардағы АҚШ-тың әскери базасына алты ракетамен шабуыл жасады. Қақтығыстың ушығуы мұнай нарығына дереу әсер етті.

Кейін Трамп түнде Израиль мен Иран арасындағы атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасап, екі елді татуластырған сыңай танытты, кейін мұнай бағасы одан әрі құлдырады.

Қазір Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 70 доллардан төмен түсіп кетті. 

Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 9,79 пайызға төмендеп, бір барреліне 69,47 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 9,72 пайызға төмендеп, бір барреліне 66,66 долларға жетті.

"АҚШ Иранның ядролық объектілеріне әуе соққысын жасағаннан кейін әлемде мұнай нарығы құбыла түсті. Бұған дейін Brent және WTI мұнайының бағасы кейінгі 5 айдағы жоғары өсімді көрсеткен еді. Бірақ әлі қаңтардағы 80$ көрсеткішке жете алмады. Десе де оның бағасы әлі де өсуі мүмкін. Кейбір экономист сарапшылар 200$-ға дейін барады деп болжап жатыр. Бұған саяси негіз де бар. Егер Иран АҚШ-тың шабуылына жауап ретінде Ормуз бұғазын жабуға әрекет жасаса, мұнай бағасы өседі. Себебі нарықтағы сұранысты ұсыныс өтей алмайды", - дейді саясаттанушы. 

Бұл біздің елге қалай әсер етуі мүмкін? Сарапшы бұл сұраққа жауап берді. 

"Бағаның өсуі Қазақстанға қысқа уақытқа тиімді. Ары кетсе, 1-2 жыл. Негізгі экспорттық тауар мұнай болғандықтан, мемлекеттік бюджет толығады. Алайда орта және ұзақ перспективада бұл елімізге тиімсіз. Себебі Ормуз бұғазы жабылса, бүкіл әлем экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Экономикалық дағдарыс геосаяси жағдайды одан сайын ушықтырады", - деді ол. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#таяу шығыс #қақтығыс #Қазақстан #мұнай #әсер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);