Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тағы бір фабрика мемлекет меншігіне қайтарылды

Тағы бір фабрика мемлекет меншігіне қайтарылды

Әлеумет 20.04.2023, 17:28 1,024
Тағы бір фабрика мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: ашық дереккөз

Рахат Әлиевтің туысқанына тиесілі құс фабрикасы мемлекет меншігіне қайтарылды. Мұндай шешімді Алматы облысы, Талғар ауданының соты жергілікті прокуратура талап-арызы бойынша шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Әңгіме Ливан тумасы Иссам Салах Хорани туралы болып отыр, 1998-2008 жылдар аралығында онда Қазақстан төлқұжаты болған, қазір Палестина азаматы. Ол - American Investments inc. американдық корпорациясының президенті, сонымен қатар Рахат Әлиевтің қарындасы Гүлшат Хоранидің күйеуі. 2008 жылдан бері Хорани Швейцария мен Ливанда, сондай-ақ бопсалау бойынша Қазақстанда жасаған қылмыстары үшін Интерпол арқылы іздеуде болған.






Талғар ауданының прокуратурасы бұған дейін Жалқамыс құс фабрикасын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оны мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыз түсірген болатын.





1999 жылы акциялардың мемлекеттік пакеті (90 пайыз) американдық American Investments Inc. корпорациясына сыйға тартылған.



«1999 жылғы наурызда Талғар ауданының әкімдігі «Ақ-қанат» АҚ-ның пайдалануындағы жерді американдық корпорация пайдасына - жалпы ауданы 665,4 гектар 4 жер учаскесін - бес жылға шығару туралы шешім шығарды. Сол жылдың қазанында алынған 665,4 гектар жердің 56 гектары "Алтын-Айдар" ЖШС-не берілді», - делінген құжатта.



Ал 2001 жылы Талғар ауданының әкімдігі American Investments Inc. компаниясынан «Алтын-Айдар» ЖШС пайдасына 609 гектар жерді пайдаланудан шығарған. Бұл жерлер 6 жер теліміне бөлініп, 2002 жылы Талғар ауданы әкімдігі мен «Алтын-Айдар» ЖШС арасында 49 жылға тиісті жалға беру шарттары жасалған.



«Мұрағат мәліметтеріне сәйкес, Алматы аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен American Investments inc. америкалық корпорациясы арасында құс фабрикасын өтеусіз беру туралы шарт жасалмады, өндірісті дамытуға және кредиторлық берешекті өтеуге инвестициялар енгізудің бизнес-жоспары әзірленбеді және уәкілетті органға берілмеді. Құс фабрикасы 29 жыл бойы жұмыс істемейді, оның ресурстары өте қиын жағдайда, ауылшаруашылық техникасы мен көлік құралдары ескірген, құрылыстарға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілмеген, инвестициялар салынбаған, салық берешегі бар.


Құс фабрикасының мүлкін иеліктен шығару дерегі уақтылы анықталған кезде Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті мемлекеттік мүлікті мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдауға міндетті болды, алайда бұл орындалмады, осыған байланысты прокурор мемлекет мүддесі үшін талап қойды», - деді прокурорлар сотта.



Сот іс материалдарын зерделеп, аудан прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды. Сөйтіп, құс фабрикасы мен оның жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Фабрика #меншік #қайтару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика