конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұ...

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Алматы Бүгін 13:53 36
Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың өмір сүру сапасын арттыру және азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жалғасуда. Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілтін табыстаудың екінші кезеңіне қатысты.

Өткен айда алғашқы кезең аясында 885 отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болды. Екінші кезеңде жалпы саны 1832 пәтер табысталады. Оның ішінде бүгін «Кенесары» тұрғын үй кешенінде 946 отбасыға жаңа пәтердің кілті берілді. Алғашқы екі кезеңнің қорытындысы бойынша 2700 алматылық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады. Үшінші кезеңде тағы 640 пәтер табысталып, одан кейін бағдарлама төртінші және бесінші кезеңдер аясында жалғасады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындау аясында қаламызда тұрғын үй мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінуде», – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Тұрғын үйді бөлу барысында жетім балаларға, мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған мұқтаж отбасыларға басымдық беріледі. Екінші кезең аяқталғаннан кейін осы санаттағы азаматтардың тұрғын үй кезегі айтарлықтай ілгерілейді. Сонымен қатар еңбек ететін қала тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотекалық несие бағдарламалары жұмысын жалғастыруда. Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам өтінім қабылданды. Жыл соңына дейін 1650 жас алматылық жеңілдетілген тұрғын үй несиесін алу мүмкіндігіне ие болады.

«Біз үшін жаңа тұрғын үй кешендерін салу – баспана тұрғызу ғана емес, тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Сондықтан «Кенесары» тұрғын үй кешенінің жанынан 1200 орындық заманауи мектеп салынды», – деді қала әкімі.

Алматы тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету қала дамуының басым бағыттарының бірі болып қала береді және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пәтер #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Бүгін 12:16

Алматының Жетісу ауданында Қарасу өзенінің жағалауы мен жаңа қоғамдық кеңістіктер көріктендіріліп жатыр

Бүгін 10:55

Алматыда Қытай Халық Республикасы делегациясымен әлеуметтік саясат және отбасын қолдау мәселелері бойынша кездесу өтті

Кеше 19:38

Алматыда жаңа заманауи онкологиялық орталық салынады

Кеше 18:03

Алма Аманжолова алматылықтарды Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);