AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Тағы 16 тас жолда орташа жылдамдық үшін айыппұл ен...

Тағы 16 тас жолда орташа жылдамдық үшін айыппұл енгізіледі

Заң мен тəртіп 22.04.2026, 17:14 240 yakiya
Тағы 16 тас жолда орташа жылдамдық үшін айыппұл енгізіледі
Элеонора Якия

Осы шараларды енгізгеннің нәтижесінде республикалық жолдардағы жол-көлік оқиғаларының деңгейі 20%-ға төмендеген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың айтуынша, 2024 жылдың соңынан бастап Жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістерден кейін Қазақстанда республикалық трассаларда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіле бастады.

Қазір камералар құқықбұзушылықтар туралы мәліметтер мен көлік жылдамдығын 1,8 мың шақырымдық сегіз ақылы жол учаскесінде тіркеп жатыр.

Оның сөзінше, аталған шараларды енгізгеннің нәтижесінде республикалық жолдардағы жол-көлік оқиғаларының деңгейі 20%-ға төмендеді. 2026 жылдың соңына дейін осындай жүйе тағы 16 ақылы жол учаскесінде енгізіледі.

Алайда қай учаскелер екені нақты аталмады.

Орташа жылдамдық – көліктің жолдың белгілі бір бөлігіндегі қозғалыс жылдамдығы, ол жүріп өткен уақытқа қарай есептеледі. Яғни, екі камера арасындағы қашықтық сол аралықты жүріп өту уақытына бөлінеді.

Егер жүргізуші камера алдында кенет тежегішті басып, кейін қайта жылдамдығын арттырса да, жүйе бүкіл жол бөлігіндегі орташа жылдамдықты есептеп көрсетеді.

Орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл мөлшері қандай?

Орташа жылдамдық үшін бөлек жаңа жаза енгізілмейді. Жаза қолданыстағы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 592-бабымен қарастырылған. Айыппұл 2026 жылғы 1 АЕК 4 325 теңгемен есептеледі:

Сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін асырса – 5 АЕК (21 625 теңге);

Сағатына 20-дан 40 шақырымға дейін – 10 АЕК (43 250 теңге);

Сағатына 40 шақырым және одан жоғары – 20 АЕК (86 500 теңге);

Бір жыл ішінде қайталанса – 30 АЕК (129 750 теңге);

Сағатына 60 шақырым және одан жоғары – 40 АЕК (173 000 теңге).

Қай жолдарда шектеу енгізіледі?

Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі келесі ақылы жол учаскелерде бар:

Астана – Щучинск (140 км/сағ);

Астана – Павлодар (140 км/сағ);

Шымкент – Қызылорда (110 км/сағ);

Шымкент – Тараз (110 км/сағ);

Павлодар – Семей – Қалбатау (100–110 км/сағ);

Орал – Ресей шекарасы (Саратов бағыты) (100 км/сағ);

Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы бағыты) (100 км/сағ);

Жібек Жолы – Теміртау (140 км/сағ).

"ҚазАвтоЖол" дерегінше, орташа жылдамдықты ең көп бұзу Шымкент — Қызылорда тасжолында тіркелген — 54 863 жағдай.

Одан кейінгі орындарда:

Астана – Щучинск – 29 330 жағдай және

Астана – Павлодар – 18 188 жағдай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жалпықалалық сенбілікке 7 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін 17:03

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық: аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді

Бүгін 11:26

БЖЗҚ жеткілікті шекті екі есе өсірді

Бүгін 10:02

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:25

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Кеше 17:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);