AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Таеквондодан Қазақстан Чемпионатының алғашқы жеңім...

Таеквондодан Қазақстан Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары марапатталды

Спорт Бүгін 11:12 38 yakiya
Таеквондодан Қазақстан Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары марапатталды
Altainews.kz

Таеквондодан Қазақстан Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жасөспірімдер арасында таеквондодан Шығыс Қазақстанда жалауын көтерген Қазақстан Республикасының чемпионатының алғашқы үздік спортшылары салтанатты түрде марапатталды. Елдің әр өңірінен келген жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізуде.

Жарыс 2012-2014 жылғы жасөспірімдер арасында 20 салмақ бойынша ұлдар және қыздар тобы арасында өтуде. Қазақстанның жиырма аймағынан жиналған 852 жас таеквондошы бес күн бойы бақ сынайды. Бүгін алғашқы болып жасөспірім қыздар арасындағы 33 келі салмақ дәрежесінің жүлдегерлері марапатталды. Құттықтау рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Аталған салмақта қола жүлдені Қызылорда облысының өкілі Әсел Саин мен Маңғыстау облысынан Раяна Жақсыгелді иеленді. Күміс жүлде Павлодар облысының спортшысы Валерия Капляға бұйырса, алтын медальді Атырау облысынан Айару Орынғали жеңіп алды.

Одан кейін жасөспірім ұлдар арасындағы 37 келі салмақ дәрежесінің жеңімпаздары марапатталды. Қола жүлдеге Алматы қаласының спортшылары Али Павликов пен Абдуллин Сатыбалды ие болды. Шымкент қаласының өкілі Қалдарбек Нұрдаулет күміс жүлдегер атанса, Жамбыл облысынан Ислам Ибрагим чемпион атанды.

Марапаттау рәсімі жасөспірім қыздар арасындағы 55 келі салмақ дәрежесі бойынша жалғасты. Бұл салмақта Маңғыстау облысының спортшысы Аружан Байыш пен Алматы қаласының өкілі София Уаисова қола жүлдеге ие болды. Ұлытау облысынан Томирис Сыздықова күміс жүлде алса, Астана қаласының спортшысы София Зиятдинова алтын медаль жеңіп алды.

Кеш соңында жасөспірім ұлдар арасындағы +65 келі салмақ дәрежесінің жүлдегерлері де марапатталды. Бұл салмақта қола жүлдені Қызылорда облысынан Елқожа Марат пен Астана қаласының спортшысы Данис Нұрымбетов иеленді. Ал финалда Алматы қаласының таеквондошылары бақ сынап, Мадияр Мейірханов күміс жүлдегер атанса, Искандер Даутов чемпион атанды.

– Соңғы рет 2019 жылы жастар арасында Шығыста өткізген болатынбыз. Енді міне, кадеттер арасында жарыс өтіп жатыр. Келесі жылы осы жылғы балалар арасында Әлем чемпионаты өтеді. Бұл сол додаға дайындық ретінде іріктеу. Күн сайын жарыс төрт салмақ дәрежесі бойынша өтуде. 15 мамырда қорытынды жарыстар өтеді, – деді ШҚО бойынша таеквондо федерациясының президенті Мерхат Болатханұлы.

Жарыс соңында ұйымдастырушылар бүгінгі жүлдегерлер мен қатысушыларды құттықтап, спортшылар естелік суретке түсті. Чемпионат жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, еліміздегі таеквондо спортының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#таеквондо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Qazaq Oil ірі жанармай құю желісін ашты

Бүгін 11:09

Іңкәр Бауыржан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:48

«Талдау мектебі. Алматы» жобасының финалистері анықталды

Бүгін 10:41

Ақтауда тұңғыш рет кітап жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:38

Атыраулық спортшы Альфия Тілекқабыл Астанада өтіп жатқан халықаралық IBSA JUDO GRAND PRIX ASTANA 2026 турнирінде қола жүлдеге ие болды

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);