AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Табиғи уақытқа жақын ең оңтайлы нұсқа белгілі болд...

Табиғи уақытқа жақын ең оңтайлы нұсқа белгілі болды

Әлеумет 26.01.2024, 05:45 1,155
Табиғи уақытқа жақын ең оңтайлы нұсқа белгілі болды
codeswholesale.com

Серік Жұманғарин Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесі бойынша жұмыс тобының мүшелерімен және өңір басшыларымен кеңес өткізді


2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу (UTC +5) қолданылады. Медицина, физиология, география, метрология салаларының мамандары былтыр жыл бойы Қазақстан аумағында қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеп, осындай шешімге келген. 


Жұмыс тобының мүшелері UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуі Қазақстанның көптеген өңірінің барынша табиғи уақытқа жақын уақытты пайдаланатын ең дұрыс және оңтайлы нұсқа деген келісімге келді. 



Десе де еліміздің жекелеген өңірлерінде, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында бұл шешім көптеген сұрақ мен түсінбеушілік тудырды. 23-24 қаңтарда жұмыс тобының мүшелері кезекті рет ШҚО-ға барып, Меновное ауылының, сондай-ақ Алтай, Глубокое және Шемонаиха аудандарының тұрғындарымен кездесті. Үкіметте өткен кеңесте Серік Жұманғаринге ШҚО-дағы сапар қорытындысы және алдағы уақытта жаңа уақыт белдеуіне көшетін басқа өңірлердегі ахуал жөнінде баяндалды.   



ШҚО әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев өңір тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер жөнінде баяндады. Жаңа уақытқа көшкенде аймақта таңның ерте атуы сағат 03.15-те, ал ерте батуы –  сағат 15.20-да болмақ. Бұл мәселе бойынша Ф.Г.Фесенков атындағы «Астрофизикалық институты» ЖШС жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова түсініктеме жасады.



«Елді мекендердегі жергілікті уақыт сол аймақтағы күннің максималды биіктігімен, яғни түс мезгіліндегі сағат 12.00-ге сәйкестігімен анықталады. UTC+5 орталық меридиан – осы меридиандағы UTC+5 түскі уақыт (шығыс бойлық 75°) сағат 12.00-ге сәйкес келуі керек дегенді білдіреді. Уақыт белдеуінің ені осы уақытқа +/- жарты сағат болуы мүмкін. ШҚО екі сағаттық белдеу шекарасында орналасқан. Өскеменде UTC +5 бойынша түс мезгілі сағат 11.30-да болады, сондықтан қала осы уақыт белдеуіне сәйкес келеді. Ал күннің ерте батуы мен таңның атуына қатысты мәселе – бұл енді географиялық ендікке байланысты. Күннің ұзақтығы оңтүстікте я болмаса солтүстікте тұрғанымызға байланысты. Оңтүстікте жаздағы және қыстағы күн ұзақтығының айырмашылығы шамалы. Ал солтүстікте едәуір көп. Тіпті ақ түндер болады. Мысалы, мұндай кездерді ШҚО-да 22 маусымда байқауға болады», — деді сарапшы. 



Бірақ бұл жағдайлар уақыт белдеуіне байланысты емес.


Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Денсаулық сақтау министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, қысқа мерзімде ШҚО және басқа өңірлер үшін Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізудің барлық нюансы туралы ақпарат қамтылған әдістемелік құрал әзірлеуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда, ең өзекті мәселелерді түсіндіру үшін өңірге мамандар мен мемлекеттік органдар басшыларының тобын жіберуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Уақыт #Жұманғарин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика