Алматы қаласында білім беру саласындағы шығармашылық пен экологиялық тәрбиені ұштастырған «Табиғаттың әуендері мен бояулары» атты басқосу болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық талғамын дамыту және шығармашылық қабілеттерін шыңдау бағытындағы тиімді тәжірибелермен бөлісу болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Сонымен Медеу ауданындағы №110 бөбекжай-балабақшасындағы «Табиғаттың әуендері мен бояулары» атты жоба аясында өткен қалалық семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілері мен жас мамандар қатысты.
Жиын барысында қатысушылар табиғат тақырыбын өнер, музыка және бейнелеу сабақтарымен байланыстырудың заманауи әдіс-тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы шығармашылық жобалардың маңызы кеңінен талқыланды.
Ашық аспан астында қоршаған ортаның көріністерін бейнелеген сурет көрмесі ұйымдастырылып, табиғат әуендерін насихаттайтын музыкалық қойылымдар ұсынылды. Семинар қонақтары балалардың шығармашылық жұмыстарына жоғары баға беріп, мұндай жобалардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі ерекше екенін атап өтті.
Бұл күні педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға жанашырлық таныту мәселелерін білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын ортаға салды. Сондай-ақ, шеберлік сағаттары өткізіліп, қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындады. Қонақтар балабақша ұжымының табиғат тақырыбын музыка, бейнелеу өнері және танымдық іс-әрекеттер арқылы балаларға жеткізудегі жаңашыл әдістерімен танысты. Іс-шара барысында тәрбиеленушілердің қатысуымен табиғат көріністерін бейнелейтін шығармашылық көрме ұйымдастырылып, ән мен би композициялары ұсынылды. Балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен дейінгі ресурстық орталықтың әдіскері Жанар Әнуәрбекқызы ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай мазмұнды іс-шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Семинар аясында ашық оқу қызметтері өткізіліп, педагогтер экологиялық тәрбие беру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар шеберлік сағаттарына қатысып, табиғи материалдарды пайдалану арқылы жасалатын шығармашылық жұмыстардың әдіс-тәсілдерін үйренді,-дейді №110 бөбекжай-балабақша меңгерушісі Салтанат Маратқызы.
Қалалық семинар қорытындысында ұйымдастырушылар мұндай тағылымды шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып, қатысушыларға алғыс хаттар табыстады. «Табиғаттың әуендері мен бояулары» жобасы аясындағы басқосу ұстаздар мен оқушылар үшін рухани әрі шығармашылық шабыт сыйлаған маңызды алаңға айналды. №110 бөбекжай-балабақшасының ұжымы ұйымдастырған бұл семинар тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып, мектепке дейінгі білім беру саласындағы шығармашылық ізденістерді дамытуға серпін берді.