AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас ха...

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

Саясат 26.09.2026, 10:03 327
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
ҚР Сыртқы істер министрлігі

Кездесу барысында министр БҰҰ Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді.

Министр БҰҰ Бас хатшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Мемлекет басшысының атынан күрделі халықаралық жағдайдағы А. Гутерриштің қызметіне, оның көпжақтылық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына дәйекті бейілділігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылады.

Мұхтар Тілеуберді Бас хатшының Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын растады. Осы тұрғыда Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының қызметіне көпжақты ынтымақтастықтың өңірлік өлшеміндегі негізгі алаң ретінде ерекше назар аударылды.

Бас хатшы қалыптасып келе жатқан көпполярлы әлемдегі Қазақстанның рөлінің артып келе жатқанын ерекше атап өтіп, елімізді «көпірлер салушы» ретінде бағалады және Қазақстанның негізгі халықаралық серіктестермен сындарлы қарым-қатынастарды сақтай алу қабілетіне назар аударды.

Кездесу барысында министр БҰҰ Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырып, Бас хатшының көпжақтылықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтті және Қазақстанның Ұйым аясындағы одан әрі өзара іс-қимылға деген өзгермес бейілділігін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясы кардиология қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 19:27

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары №181 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесті

Бүгін 19:23

Президент ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Бүгін 18:17

Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалдық кезеңіне шықты

Бүгін 18:09

Азиадада алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);