Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жар...

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Спорт Бүгін 17:55 109
Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Қазіргі жаһандану дәуірінде технологиялардың қарқынды дамуы адамдардың күнделікті өмір салтына айтарлықтай өзгеріс әкелді. Смартфон, компьютер және түрлі гаджеттердің кеңінен қолданылуы физикалық белсенділіктің азаюына, соның салдарынан денсаулыққа кері әсер ететін факторлардың көбеюіне себеп болып отыр. Осындай жағдайда спортпен шұғылданудың маңызы бұрынғыдан да арта түскені анық.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда жекпе-жек өнерінің де орны ерекше. Соның бірі – Кёкушин Будокай каратэ. Бұл – толық контактты жекпе-жекке негізделген, қатал жаттығулары мен шынайы техникасымен ерекшеленетін каратэ стилі. Соңғы жылдары спорттың бұл түрі елімізде де кеңінен дамып келеді.

Қазақстанда Кёкушин Будокай каратэні дамытатын негізгі ұйым – Kazakhstan Fullcontact Karate Organization (KFKO). 2013 жылы құрылған. Халықаралық WKB ұйымының ресми өкілі. Қазіргі күні 16 өңірде бөлімшелері, 90-нан астам клубы жұмыс істейді. Оларда тәрбиеленіп жатқан спортшылар жыл сайын өңірлік жарыстарға, республикалық чемпионаттарға және халықаралық турнирлерге қатысып отырады. Мысалы, биыл Астанада өткен Astana Open турниріне 600-ге жуық спортшы еліміздің 15 өңірінен қатысқан. Бұл жарыстар жастар арасында спортты дамытуға және елдік деңгейдегі, халықаралық чемпионаттарға дайындыққа мүмкіндік береді. Кёкушин Будокай каратэмен 4 жастағы балдырғаннан бастап, 18-ден жоғарғы жастар мен ересектер де айналыса алады.

Жуырда KFKO-ның ұйымдастыруымен Алматы қаласында «кумитэ» тәртібі бойынша балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында SENTOKI CUP – 2026 чемпионаты өтті. Оған 200-ге жуық бала қатысты. Солардың ішінде Қызылорда облысына қарасты Арал ауданының Бөген ауылынан келген бес бала да жүлде алды.

Атап айтсақ, 50+ салмақ дәрежесінде Мадияр Шәки ІІ орынға шықты. Ал қыздар арасындағы 40+ салмақ дәрежесінде

Гүлбаршын Аралбай – І орын (кубок), Көркем Жаңаберген – ІІ орын, Зарина Сәтенова ІІІ орын иеленді. -30 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Раяна Амандыққызы да намысты қолдан бермей, кеудесіне ІІІ орынның медалін тақты.

«Осы Алматы чемпионтының алдында ғана Қызылорда облысы, Арал ауданындағы №Бөген орта мектебінде ашылған «Кёкушин Будокай каратэ» үйірмесінің жұмысымен танысып қайтқан болатынмын. Үйірменің ашылғанына көп бола қаймаса да, балалардың жаттығу кезіндегі қабілет-қарымын, талпынысын байқап, алдағы уақытты жеңіс тұғырынан көрінетіндіктеріне сенген болатынмын. Енді, міне, сенім ақталды. Біздің мақсат – Сыр өңіріндегі спортты сүйетін балалардың басын біріктіру, жаттықтыру, үлкен жарыстарға дайындау, спортты, салауатты өмір салтын насихаттау», – дейді «Kazakhstan Fullcontact Karate Organization (KFKO)» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық федерациясының жетекшісі Шахмардан Файзуллаев.

Шалғайдағы ауыл балаларын спортқа баулып жүрген жаттықтырушы Мейрам Әлішев – Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген кәсіби маман. Бүгінде осы Кёкушин Будокай каратэ спорты бойынша ашқан үйірменің құрамында 20 бала бар.

«Қазір, жасыратыны жоқ, үлкен-кіші түгел телефонға тәуелдіміз. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін осы «Кёкушин Будокай каратэ» үйірмесін ашқан болатынмын. Қолдау білдірген мектеп директоры Марат Андызбаевқа алғыс білдіремін. Спорт – тек дене жаттығулары ғана емес, ол адам өмірін тәртіпке келтіретін, ерік-жігерді күшейтетін, жауапкершілік сезімін арттыратын өмір салты. Спортпен айналысатын жастар зиянды әдеттерден аулақ болады деп ойлаймын. Кішкентай спортшыларым Алматыда өткен SENTOKI CUP – 2026 чемпионатында мерейімізді өсіріп тастады. Қуаныштымын!», – дейді №20 Бөген орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, «Кёкушин Будокай каратэ» үйірмесінің жетекшісі Мейрам Әлішев

Телеграм арнаға жазылыңыз
#каратэ #кекушинкай #чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32

Қазақстанда әскерге шақыру маусымы басталды

Бүгін 17:27

Наурызнама: Ұлттық ұлан сарбазы 100-ге жуық күйді жатқа біледі

Бүгін 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика