AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі іс-шаралар жосп...

Сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды

Әлеумет 23.11.2023, 03:37 931
Сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мегаполис басшысы Ерболат Досаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимовпен бірлесіп, аудан әкімдерінің, әкімдік басқармалары мен құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның отырысын өткізді.



Отырыста Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Картасын іске асыру барысы қаралды. Алматының тау бөктеріндегі құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға ықпал ететін, сондай-ақ 2019-2020 жылдары басталған қаланың проблемалық объектілерінің құрылысын аяқтауға кедергі келтіретін себептерді жоюға ерекше назар аударылды.


2023 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды, 50 тармақтан тұрады, оның 29-ы Алматы әкімдігіне бекітілген.


Жоғарыда аталған тармақтарды іске асыру туралы Алматы қаласының қалалық жоспарлау және сәулет, жер қатынастары, құрылыс, энергетика және сумен жабдықтау басқармаларының басшылары баяндады.



Алматының жер бөлу және қала құрылысын дамытуды жоспарлаудағы бұзушылықтарды болдырмау үшін әкімдік қаланың цифрлық картасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың координаттарын белгілеу бойынша жұмыстарды бастады, жердің кадастрлық құнын төлеу бойынша цифрлық құралдар енгізілуде және т. б.


Бүгінде Алматыда тау бөктеріндегі аймақта құрылысты реттеуді қатаңдату бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде және мердігерлердің алған міндеттемелерін жосықсыз орындауы себебінен созылып жатқан бұрын басталған проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдануда.


Өз кезегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов өз баяндамасында орталық мемлекеттік органдар тау бөктеріндегі аймақта құрылыс жүргізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша белгілі бір жұмыстар атқарғанын хабарлады. Мәселен, ҚР Парламенті Мәжілісіне қала құрылысын бақылау органдарының жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік беретін түзетулерді қарастыратын заң жобасы енгізілді.


Сондай-ақ, құрылыс пен жұмыс сапасын бақылаудың жаңа тетіктерін енгізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Парламенттің қарауында.


Отырысты қорытындылай келе, Алматы әкімі Ерболат Досаев әкімдіктің жауапты бөлімшелеріне іс-шаралар жоспарының барлық тармақтары бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді және 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін алдын ала есептер дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, жоюға, қала құрылысы, жер қатынастары және қала құрылысын бақылау салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған жұмысты күшейтуді тапсырды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жемқорлық #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика