Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына...

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қанша алматылық қатысуда

Әлеумет 02.04.2024, 10:02 1,094
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қанша алматылық қатысуда
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру қоғамдағы парақорлықты жою жолындағы маңызды қадам болып табылады.


Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жобаның мақсаты – азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, кәсіпкерлік субъектілері мен квазимемлекеттік секторларды, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту.
 



«2023 жылдың тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы сәтті жүзеге асырылуда, оған Алматы қаласында 260-тан астам азамат қосылды», - деді Арман Рахимов.



ӨКҚ спикері қысқа мерзімде белгілі нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Осылайша, мемлекеттік сатып алу мониторингі барысында 312 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізді.


Балалар ойын алаңдарына, салынып жатқан нысандарға, асфальтбетон төсеніштері мен басқа да әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізілді.


Мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша аудан әкімдігімен жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын «240 аула аумақтарына жөндеу жүргізу» туралы хабарландыру жарияланғаны анықталды. Келісімшартты тексеру кезінде қызмет ақысы толық көлемде төленгені анықталды. Алайда, волонтерлік топ көшпелі мониторинг жүргізу барысында спорттық құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі (әткеншек, баскетбол қалқандары, көше тренажерлері), орындықтардың, қоқыс жәшіктері мен сыртқы жарықтандыру құрылғыларының жоқтығы секілді т.б. бұзушылықтарды анықтады. Аталған факті бойынша аудан әкімдігіне хат жолданып, нәтижесінде кемшіліктер жойылды.


Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс қоғам қайраткерлерімен, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық альянстардың өкілдерімен, бизнес белсенділерімен және жастар қозғалысының жетекшілерімен тығыз байланыста жүргізіледі.



«Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында түрлі форматтағы 50 іс-шара өткізілді, оған 3 мыңнан астам адам қатысты», - деді А. Рахимов.



Ол сөз соңында, қоғам сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге, сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға, өзекті мәселелерді талқылауға қатысатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыбайлас жемқорлық #волонтерлік #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика