ffin.kz

Суретші адамдарға өнері арқылы алғыс айтқысы келеді

Суретші адамдарға өнері арқылы алғыс айтқысы келеді aqshamnews.k

5 қазанда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «КАӨ» атты жеке көрмесі ашылады.

«КАӨ» көрмесі Айжан Бекқұлованың 1990 жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жасаған жүзден астам шығармасын ұсынады.  Ретроспективалық экспозицияда: тоқыма, киіз басу, қасиетті қуыршақтар, зергерлік әшекейлер, этникалық киімдер, сондай-ақ металдан, керамикадан, ағаштан және киізден жасалған, басқа шеберлермен және суретшілермен бірлесіп жасалған жұмыстар ұсынылған. Бұл жеке көрме жинақталған тәжірибенің, түрлі елдердің мәдениеттерімен танысудың, түрлі технологиялардың көркемдік көріністерінің ерекшелігі туралы көп жылдық ойлардың, шығармашылық адамдармен әңгімелер мен сұхбаттардың нәтижесі. Көрмеге қойылған жұмыстар оны ұлттық мәдени кодтың генетикалық сезіміне негізделген және қазіргі заманның ырғақтарымен, нысандарымен, белгілерімен, ой үлгілерімен байытылған өзіндік авторлық қайталанбас стилін қалыптастырған дарынды суретші ретінде көрсетеді, — дейді көрме жетекшісі А.Ақылбекова.

Айжан Бекқұлова Алматыда дүниеге келген. 1976 жылы Халық шаруашылығы институтын қызыл дипломмен бітіріп, содан кейін “Қазақфильм” киностудиясына Кинокартина директоры қызметіне жұмысқа орналасты. Сергей Соловьев, Ираклий Квирикадзе, Сергей Бодров сияқты көрнекті киноматографистермен жұмыс істеді.

1981 жылы Мәскеудегі КСРО ГОСКИНО жанындағы Бүкілодақтық кинематография шығармашылығы және басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жоғары курсын аяқтап, киностудиядағы жұмысын жалғастырды. 1993 жылы Т.Жүргенев атындағы театр-көркемсурет институтын «Монументалды тоқымашылық» мамандығы бойынша бітірді. Сол жылдан ол «Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасының» бірлескен ұйымдастырушысы және вице-президенті болды. Лига бүгінге дейін түрлі салаларда әйелдерді әлеуметік қолдау және білім жетілдіру мәселелерімен айналысып келеді.

2003 жылдан Айжан «Our Heritage» (Біздің мұра) қоғамдық қорының президенті ретінде қоғамдық қызметтер атқарды. Қордың негізгі міндеті - Қазақстан қолөнерін жаңғырту, сақтау және дамыту.

2005 жылы «Our Heritage» қоғамдық қорының атынан ҚР Мәдениет министрлігімен, UNESCO және Еуразия қорымен бірлесіп, Шеврон, KCell т.б. компаниялардың қаржылық қолдауымен «Қазақстанда қолөнерді дамыту және халық көркемөнер кәсіпшілігін жаңғырту» тақырыбымен қолөнерді дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламаны әзірлеу мақсатында аталмыш бағдарламаның Қазақстандық үйлестіру кеңесін құрды. Қолөнершілікті дамыту жөніндегі ұлттық бағдарлама құрылғаннан кейін «Our Heritage» қоры оны іске асыруға кірісті. Астанада ұйымдастырылған қолөнершілердің І халықаралық конференциясына 150 делегат қатысты, олар үшін Қор бизнес негіздері, маркетинг, Қазақстанның дәстүрлі қолөнері - зергерлік өнер, киіз, ағаш ою, кесте тігу, кілем тоқу бойынша Қазақстанның Өскемен, Қарағанды, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Алматы  және т.б. қалаларында оқыту семинарларын ұйымдастырып өткізді.

Айжан Бекқұлова 2009 жылы «Шебер» қазақстандық шеберлер фестиваліне бастамашы болды. Байқау қолөнершілердің шеберлігін, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыруға, ұмыт қалған технологиялар мен қолданбалы өнер техникаларының ассортиментін кеңейтуге және жаңғыртуға ықпал етті. Ал 2012 жылы Қазақстан Қолөнершілер одағын құрды, ол қазір өзімізде ғана емес, елімізден тыс жерлерде де елеулі мәртебеге ие қоғамдық ұйым.

2013 жылдан бастап Айжан Бекқұлова Қазақстан қол қойған Материалдық емес мәдени мұра туралы ЮНЕСКО конвенциясының аясында Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі Ұлттық комитеттің (МҰК) мүшесі және сарапшысы болып табылады. Айжан көп жылдар бойы Қазақстанда және елден тыс жерлер - Францияда, Германияда, АҚШ-та, Қытайда, Үндістанда және басқа да көптеген елдерде фестиваль, көрме мен конкурстардың кураторы және ұйымдастырушысы ретінде белсенді қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта Айжан дәстүрлі және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер бойынша сарапшы, Қазақстанның қолөнершілігі бойынша мақалалардың ұйымдастырушысы, спикері, кураторы, жаттықтырушысы және авторы. Сондай-ақ студенттер мен оқытушылар, кәсіби шеберлер үшін Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан және басқа да елдерде Қазақстанның қолөнері мен өнерін танымал ету мақсатында көптеген халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда, форумдарда қызмет атқарады.

— Мен әрқашан ерекше адамдарды кездестіру бақытына ие болдым. Олар  әлемге және жеке өмірге деген менің көзқарасымда шешуші рөл атқарады. Кісіні таң қалдыратын, шабыттандыратын, қуантатын және дүниетанымын өзгертетін ол - адамдар. Олар үйретеді, ақыл-кеңес береді, сіздің пікіріңізді сұрап, өз ойымен бөліседі. Менің жеке көрмем – маған көңіл бөлген, қарым-қатынас, қуат берген, тек жағымды сезімдер ғана емес, сонымен бірге шығармашылығыма құштарлық сыйлаған адамдарға білдірген үлкен алғысымның белгісі. Менімен бірге шығармашылық ынтымақтастықта жұмыс істегендерге рахмет, — дейді Айжан Бекқұлова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:15

16:21

15:20

14:16

13:16

12:18

11:44

11:38

11:31

11:30

11:27

11:12

11:11

11:04

10:15

09:45

05:01

18:15

17:25

16:23

15:19

14:54

14:35

14:33

13:45