конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Судың «қара нарығы» үшін сала министрлігі жауапкер...

Судың «қара нарығы» үшін сала министрлігі жауапкершілікті күшейтеді

Әлеумет 07.06.2024, 11:13 857 dulatbekova
Судың «қара нарығы» үшін сала министрлігі жауапкершілікті күшейтеді
Сурет: Inform.kz

Судың «қара нарығын» жою мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге ниетті.

Атап айтқанда, жаңа Су кодексінде суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгертулер қарастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жаңа Су кодексінде уәкілетті ведомство мен бассейндік инспекцияларға қадағалау функциялары беріледі. Қазіргі уақытта бассейндік инспекциялар Кәсіпкерлік кодекс аясында тексеріс жүргізеді. Алайда, жоспарлау, тіркеу және хабарлау процесі ұзаққа созылуына байланысты құқық бұзушылар жиі жазадан құтылып кетеді.

Бұдан бөлек, қолданыстағы Кәсіпкерлік кодекске толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Бұл өзгерістер бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейтеді, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандарын өзгертеді, сондай-ақ жедел ден қою шараларын қабылдаудың жаңа құралдарын, шарттары мен негіздерін енгізеді.

«Бұл біздің негізгі ұстаным. Судың «қара нарығын» жою және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін біз мемлекеттік бақылауды күшейтеміз. Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды. Біз ұсынған жаңа нормалар мен ережелер құқық бұзушылықтар санын едәуір азайтуға және еліміздің су ресурстарына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#cу #қара нарық #жауапкершілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);