AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқынына қарсы іс шараларға 43 мың волонтер жұ...

Су тасқынына қарсы іс шараларға 43 мың волонтер жұмылды

Әлеумет 22.04.2024, 12:38 1,016
Су тасқынына қарсы іс шараларға 43 мың волонтер жұмылды
Сурет: Polisia.kz

Ел бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан волонтер саны 43 мыңнан асты.


Волонтерлер күшімен 6640 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды, оның 4048 тоннасы «қызыл» аймақтарға жеткізілді және зардап шеккен халыққа таратылд, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Волонтерлер эвакуациялауға, гуманитарлық көмек жинауға және таратуға, бөгеттерді күшейтуге және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетті.

Ақтөбе облысында волонтерлер бірлігі мен жұмылған күшінің арқасында 308 тонна азық-түлік, 85 тонна азық-түлік емес қажетті тауарлар және 223 килограмм дәрі-дәрмек эвакуациялық пункттерге бөлінді. 10 мыңға жуық құтқарушы мен эвакуацияланған тұрғындар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Атырау облысында волонтерлер штабы шұғыл режимде жұмыс істеуде. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 13 мыңнан астам волонтер жұмылды.
Гуманитарлық көмек қабылдау пунктінде бүгінгі таңда 1390 тоннадан астам тауарлар мен заттар жиналды.

Атырау қаласында бөгет күшейту үшін 107 пункт орнатылған. Бөгет тұрғызу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Волонтерлер мен ауылдық округ тұрғындарының бастамасы бойынша су шайып кетпес үшін, бөгеттер тұрғызылып жатыр. Газ құбырлары мен электрмен жабдықтау сияқты инфрақұрылымдық объектілерді қорғауға ерекше назар аударылды.

Батыс Қазақстан облысында құтқару жұмыстарына 8000 волонтер қатысты. Көмек жинау пункттерінде 415 тонна гуманитарлық көмек жиналды.

Қостанай облысында 3500-ден астам волонтер азаматтарды эвакуациялау және гуманитарлық көмек пункттерінің жұмысына қатысады.

Шымкентте 1500-ге жуық волонтер жұмылдырылып, олардың бір бөлігі зардап шеккен өңірлерге жол тартты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #Волонтерлер #тасқынмен күрес #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);