AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су тасқынына қарсы іс-шараларды орындамау үлкен су...

Су тасқынына қарсы іс-шараларды орындамау үлкен су тасқыны салдарына әкеледі - министр

Әлеумет 08.08.2023, 05:12 916
Су тасқынына қарсы іс-шараларды орындамау үлкен су тасқыны салдарына әкеледі - министр
Cурет: Gov.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барлық әкімдіктерге су тасқыны қаупіне дайын болуды тапсырды.


Бұл туралы министр Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Биыл Батыс Қазақстан облысында 210 тұрғын үй, Ақтөбе облысында – 89 тұрғын үй, Қостанай облысында – 44 тұрғын үй су астында қалды. Бұл ретте Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында 46 үй тұруға жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде Ақтөбе облысының әкімдігі 24 үй, Батыс Қазақстан облысында – 16 үй салынды. Жалпы 1,3 млрд теңге жұмсалды. Жыл сайын ықтимал қауіп пен үлкен материалдық шығынға ұшырағанша, осы қаражатты алдын-ала ескерту үшін пайдалануға болар еді», - деді ТЖ министрі.



Сонымен бірге, С. Шәріпханов су басу қаупі сақталып отырған өңірлерді атады.



«Ақтөбе облысында су басқан екі елді мекеннің (Қобда, Қаратал) қалпына келтіру жұмыстары тек біреуінде (Қаратал) ғана аяқталды. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында су басу фактілері жыл сайын арық жүйелерінің дайын болмауына байланысты тіркеледі. Қостанай облысында жоспарланған Жол картасының жартысы бойынша ғана жұмыс басталды. Осы айтылғандарды, жалпы климаттың өзгеруі бойынша әлемдік үрдісті және осы көктемде батыс өңірінде су тасқыны бір ай бұрын басталғанын ескеріп, барлық әкімдіктер сын-қатерге дайын болуы қажет», - деп кеңес берді министр.



Сала министрінің айтуынша, өткен жылдардағы су тасқынын болдырмау үшін әкімдіктер биылғы су тасқынына қарсы шараларға барлық қажетті ресурстарды тартуы қажет.



«Екіншіден, биыл жол картасы аяқталатынын ескеріп, орындалмаған шаралар Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді және өңірлердің даму жоспарларына ауыстырылсын. Экология және табиғи ресурстар министрлігі гидротехникалық құрылыстарды уақытылы жөндеуі керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне су өткізу құрылыстарын, жолдар мен көпірлерді тасқын және еріген сулардың жоғары көлемін өткізуге дайындау қажет. ТЖ министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін арықтарды тазарту және қарды уақтылы шығару бойынша халықпен тиісті ақпараттық жұмысты жалғастырсын», - деді Сырым Шәріпханов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #алдын алу #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);