Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда

Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы еліміздің су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асыруды бастады.

Сондай-ақ, 201 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, 700 мың гектардан астам суармалы жерді қалпына келтіру және жақсарту, сондай-ақ жалпы ұзындығы 7000 шақырым канал салу және реконструкциялау жұмысы жүргізілуде.

«Бұл жұмыстар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай жүргізілуде. Бұдан бөлек, аталған құжаттарда өнімсіз шығындарды азайту және қосымша су көлемін жинау бойынша да көптеген іс-шаралар қарастырылған. Мысалы, 2024 жылы Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Түркістан облысындағы Бәйдібек-ата және Қарақуыс су қоймаларының құрылысы, сондай-ақ Қапшағай және Киров су қоймаларын реконструкциялау басталды»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:50

17:43

17:16

17:15

17:02

16:58

16:48

16:24

15:58

15:22

14:46

14:18

14:02

12:41

12:38

12:15

11:52

11:21

11:09

10:49

10:21

10:02

09:52

09:27

09:13