Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Су кодексінің жобасына мұздықтар мен шағын су айды...

Су кодексінің жобасына мұздықтар мен шағын су айдындарын қорғау іс-шаралары қосылды

Әлеумет 20.11.2024, 17:20 796
Су кодексінің жобасына мұздықтар мен шағын су айдындарын қорғау іс-шаралары қосылды
Сурет: Әспет Дулатбекова

Су ресурстары және ирригация министрлігі Парламент Мәжілісінің депутаттары және сарапшылармен бірлесіп жаңа Су кодексінің жобасын пысықтауда.

Қоршаған ортаны қорғау мақсатында құжатқа алғаш рет шағын көлдерді, өзендер мен тоғандарды, сондай-ақ мұздықтар мен сулы-батпақты аймақтарды қорғау жөнінде нормалар енгізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz cала министрлігіне сілтеме жасап. 

Мысалы, шағын өзендердің тартылуының алдын алу үшін тасқын суды өткізуге арналған құрылыстары жоқ нысындарды, су ағынын тоқтататын бөгеттерді жобалауға және салуға тыйым салынады. Жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес мұндай құрылыстар жойылатын болады.

Шаруашылық қызметі шағын су айдындарының жай-күйіне әсер ететін жеке және заңды тұлғалар министрліктің бассейндік инспекцияларымен келісе отырып, су ресурстарын қалпына келтіру және оның тазалығын сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.

Сулы-батпақты жерлерді ластауға, бітеуге, құрғатуға немесе өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерді қоса алғанда жануарларды қорғау жөніндегі іс-шаралар да көзделеді.

Бұдан бөлек, мұздықтар мен қарлы аймақтарға ағын су жіберу, оларды қалдықтармен, мұнай өнімдерімен, улы химикаттармен және басқа да зиянды заттармен ластауға тыйым салынады. Мұздықтардан мұз алу су нысандарының жағдайына кері әсер етпеуі тиіс және олардың сарқылуына себеп болмауы керек.

«Жаңа Су кодексі климаттың өзгеруіне бейімделуге және су үнемдеу принциптерін енгізуге баса назар аударады. Су айдындарының экожүйесін қолдау және оларды сарқылу, ластану сынды басқа да жағымсыз салдардан қорғау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі айқындалған – «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі. Құжаттың мақсаты – экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау болып табылады»,- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұздықтар #шағын су айдындары #су кодексі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев: «2026 жылдың соңына қарай аудан 100% су және кәріз жүйесімен қамтылады»

Бүгін 15:24

Алматының Алатау ауданында жасыл-желекті аймақтар дамып, «Халық қатысатын бюджет» жобалары жүзеге асып жатыр

Бүгін 15:19

Алматының Алатау ауданында өнеркәсіп пен сауда қарқынды өсіп келеді

Бүгін 15:16

Алматылық дзюдошылар Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетті

Бүгін 15:14

Алматы мен Түркістанда Ұлттық ұланға арналған жаңа әскери нысандар бой көтеруде

Бүгін 14:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика