Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогын сәтті бастады

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогын сәтті бастады Сурет: Elorda.info

Шешуші бәсекелер 7 мамыр күні өтеді.


Германия астанасы Берлинде ватерполдан әлем кубогы жалауын көтерді. Жарысқа қатысып жатқан 8 команданың арасында Қазақстан әйелдер құрамасы да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info -ға сілтеме жасап. 


Қазақстандықтар Германия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландиямен бір топта өнер көрсетуде.


Отандастарымыз екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алдымен 11:7 есебімен жарыс қожайындарын, сосын 15:7 есебімен британдықтарды ұтты. Енді Жаңа Зеландиямен кездеседі. Ал шешуші бәсекелер 7 мамыр күні өтеді.


Әлем кубогында үздік атанған 2 құрама, маусым айында АҚШ-тың Калифорния штатында өтетін «суперфиналға» жолдама алады. Ол жерде топ жарған команда Париж Олимпиадасына лицензия иеленеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:32

14:25

14:17

14:11

12:33

12:14

12:09

11:52

11:38

11:13

10:59

10:33

10:16

09:59

09:40

09:36

09:16

09:01

08:46

08:36

17:36

16:38

15:22

15:16

14:52