AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Студенттердің үнін жеткізетін жаңа алаң: Алматыда...

Студенттердің үнін жеткізетін жаңа алаң: Алматыда Студенттік құрылтай құрылды

Білім және ғылым Бүгін 10:49 27
Студенттердің үнін жеткізетін жаңа алаң: Алматыда Студенттік құрылтай құрылды
Алматы әкімдігі

Оның құрамына 40-тан астам студент кірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттік өзін-өзі басқару мен жастардың ашық пікір алмасуына арналған Студенттік құрылтай құрылды. Оның құрамына 40-тан астам студент кірді. Алғашқы отырыста қатысушыларға Құрылтайдың тұжырымдамасы мен төрағалыққа ұсынылған кандидаттар таныстырылып, кейін төраға сайлауы өтті.

Іс-шараға университет басшылығы, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек, жастар ұйымдарының өкілдері мен студенттік белсенділер қатысты.

Студенттік құрылтай студенттерді толғандыратын мәселелерді көтеріп, ұсынысы мен бастамасын ортаға салуға, оларды жүзеге асыруға атсалысуға және университет пен қала құрылымдарымен ашық пікір алмасуға жол ашады.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбектің айтуынша, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту жастарға өзін толғандыратын түйткілдерді көтеріп қана қоймай, олардың шешімін табуға тікелей атсалысуға мүмкіндік береді.

«Бүгінде жастар студенттік өмірге қатысты шешімдерге сырттай бақылаушы болып қалмай, белсенді араласуы маңызды. Студенттік құрылтай – өзекті мәселелерді ашық айтып, бастама көтеруге, жауапкершілікті мойынға алып, ортақ шешім іздеуге мүмкіндік беретін орта. Осындай тетіктер арқылы Алматы мен еліміздің дамуына үлес қосуға дайын, белсенді әрі жауапты азаматтардың жаңа буыны қалыптасады», – деді Азиз Кажденбек.

Университет ректоры Бейбітгүл Кәрімованың айтуынша, студенттердің құқықтық сауатын арттыру, академиялық адалдық қағидаларын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамға пайда келтіруге ұмтылу – жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

«Сапалы білім, денсаулық пен әл-ауқат, гендерлік теңдік, экологиялық мәдениет және әлеуметтік жауапкершілік студенттердің күнделікті өмірімен ұштасып, жастардың қоғамның тұрақты дамуына қатысуына мүмкіндік береді. Бүгінгі студент – болашақ маман ғана емес, елдің қоғамдық дамуына үлес қоса алатын азамат. Біз Студенттік құрылтайды жастардың үнін естуге, өзекті мәселелерді ашық талқылауға және студенттердің бастамаларын қолдауға мүмкіндік беретін маңызды диалог алаңы ретінде қарастырамыз», – деді Бейбітгүл Кәрімова.

Іс-шара барысында Алматыдағы Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға атсалысқан белсенді жастар да марапатталды. Жастар ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, жоғары оқу орындары мен комьюнити орталықтардың өкілдеріне қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Студенттік құрылтай жастарды ортақ мақсат пен бастамалар төңірегінде біріктіріп, олардың көшбасшылық қабілетін шыңдауына және шаһардың қоғамдық өміріне белсенді араласуына жол ашатын тұрақты ұйымға айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының аға буыны тауды таза ұстауға шақырды

Бүгін 11:25

Hyundai Motor Group корпорациясының президентімен кездесті

Бүгін 11:17

Алматы Қуыршақ театры жаңа маусымын төрт премьерамен ашады

Бүгін 11:09

Алматыда «Жеті мектеп - бір мұрат» атты күй кеші өтеді

Бүгін 11:03

Жұлдыз Сүлейменова БҰҰ өкілдерімен кездесті

Бүгін 10:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);